THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Осы жылдың 26
наурызында Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектептегі
мемлекеттік тіл» атты семинар-кеңес өтті. Жиынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің профессоры, ф.ғ.д. Тыныштық Ермекова басқарды.
Іс-шара барысында төмендегідей мәселелер
көтерілді:
-
Бастауыш сынып пен
балабақшадағы тілдік жағдаят;
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
-
Бастауыш білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты;
-
Үлгілік оқу бағдарламаларындағы
білім мазмұны;
-
Балабақшадағы қазақ тілінің
бағдарламасы;
-
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі (қазақ,
орыс топтары);
-
Балабақша мен бастауыш
сыныптарда қазақ тілін оқыту мен тіл дамытуға қатысты өзекті мәселелер.
Семинар кеңесте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д. Сайра Жиенбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу онтогенезінің мәселелері: тәсілдері мен шешімдері» тақырыбында баяндама жасады.
- Бүгінгі баланың
ерте жастан тілінің дамуындағы проблемаларға тоқталсақ, ерте жастағы (1 жас)
балалардың 18,3 пайызында кейбір сөздерін ересек адаммен бірге айтудан, дыбысқа
еліктеу арқылы қимыл жасаудан қиналады. 2 жастағы балалардың 17,6 пайызы
қоршаған орта мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытпайды. «Болады», «болмайды»,
«қауіпті» сөздерінің мағынасын түсінбейді. Сондай-ақ 3 жастағы балалардың 14,3
пайызында сөйлеу қабілеті дамымаған, ойын жеткізе алмайды, - деген Сайра
Нағашыбайқызы мектеп жасына дейінгі
балалардың сөйлеу онтогенезінің зерттелу бағыттарына да тоқталып өтті.
Келесі кезекте Абай атындағы ҚазҰПУ Кафедра
меңгерушісі, профессор, п.ғ.д. Әзия Жұмабаева «Жаңартпалы тәсілдерге
негізделген бастауыш білім мазмұны – уақыт талабы» атты баяндама жасады. Бастауыш білім мазмұнын
жаңартпалы тәсілдерге құрастырудың басты бағыттарына тоқталып өткен Әзия
Елеупанқызы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын
тексеру құралдарын да атап өтті.
Сонымен қатар, семинар-кеңесте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Раиса Қарсыбаева «Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқу мазмұны» тақырыбында, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Бижомарт Қапалбек «Бастауыш мектепте оқытылатын пәндер» тақырыбында және Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері Диана Тұрсынбек «Мемлекеттік тілді балабақшада оқыту» тақырыбында баяндама жасады.
Жиынға қатысқан
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері, бастауыш мектептің мамандары,
балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер, профессорлар көтерілген мәселелер бойынша
пікір білдіріп, ұсыныстар айтты. Жиын «Қазақстан Республикасында мемлекеттік
тілді оқытудың жүйесі (деңгейлері мен сатылары)» атты 2023-2025 жылдары
орындалып жатқан гранттық жоба аясында өтті.
ПІКІР АЛМАСУ
10/11/2023 15:04
Бижомарт ҚАПАЛБЕК: ӘЛІППЕНІҢ АТАСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ САЛҒАН АРНАҒА ҚАЙТА ОРАЛУЫМЫЗ КЕРЕК
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
ТЕКСТ