THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Байқаудың
мақсаты – әлеуметтік желілерде балаларға арналған қазақ тіліндегі
видеоконтенттің саны мен сапасын арттыру және арнайы түсірілген бейнероликтер
арқылы 3-6 жастағы балалардың қазақша еркін сөйлеуін дамыту.
«Сәбилерді
сөйлетейік» байқауының тақырыбы мен мазмұны: балаларға сандардың, заттардың
(азық-түлік, жеміс-жидек, ыдыс-аяқ, киім-кешек, үй жиһазы және т.б. тұрмыстық
заттардың), дене мүшелерінің, отбасы мүшелерінің, түстердің, үй жануарларының,
аңдардың, құстардың, қимыл-әрекеттердің, жыл мезгілдерінің, ауа райының,
мамандық иелерінің және т.б. атауларын атап, ажырата және салыстыра білуді
үйрету.
29 қараша
күні байқаудың нәтижесін шығаруға Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді
дамыту және ономастика бөлімі мен
қазылар алқасы қатысты. Атап айтсақ: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің профессоры Қарсыбаева Раиса, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ
Ұлттық Өнер Академиясы “Кино және Телевизия факультеті”, “Дыбыс режиссурасы
және операторлық өнер” кафедрасының ұстазы Амержанов Казбек және Мемлекеттік
тілді дамыту институтының аға ғылыми қызметкері Қамбарова Бекзат шақырылды.
Байқауға
барлығы 201 бейнеролик келіп түсті. 164 бейнеролик сараптау кезеңінен өтпеді.
Себебі бағалау критерийлерінде көрсетілген шарттар толық орындалмаған. Байқау ережесіне сәйкес талапқа сай 37
бейнеролик соңғы іріктеуге жіберілді.
Байқау
жеңімпаздары Алматы қаласы әкімі аппараты ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік
тіл мәселелері» атты жиында марапатталды. Нәтижесінде №47
бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Жұмахан Айым, ІІ орын №149
бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Бекет Шахнұр, І орын «Өркениет» бөбекжай-балабақшасының
тәрбиеленушісі Жанатбек Әселге бұйырды. Бас жүлдені №55 бөбекжай-балабақшасының
тәрбиленушісі Арманұлы Асқан қанжығасына байлады. Сонымен қатар балаларға
контент түсіретін «Balafunny» YouTube арнасы «Көп таралым» номинациясымен,
балаларға контент түсіретін «Shanyrak» YouTube арнасы «Сауат ашқыш»
номинациясымен, №57 бөбекжай-балабақшасының тәрбиленушісі Қажыкен Зейін «Аң мен
құстың білгірі», №37 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Закер Аруна «Ер
қанаты», №74 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Қибатолла Алдияр «Жас
патриот» номинацияларымен марапатталды.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ