THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және ономастика
бөлімінің тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институты 16-20 қыркүйек
аралығында Алматы қаласының аудандары «Мемлекеттік тілді білу – міндет» атты
Meet-Up өткізді.
Іс-шара мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін
талқылау, оның шешу жолдарын ұсыну, азаматтарға мемлекеттік тілдің мәнін
түсіндіру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге деген қызығушылығын арттыру
мақсатында өтті. Іс-шараға 4 модератор шақырылды.
Алатау, Алмалы, Наурызбай аудандарында «Тілдік құбылысы:
ұлттық мазмұны мен мемлекеттік мәртебесі» тақырыбында ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты,
«Аманат» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, қоғам қайреткері – Оразкүл
Асанғазы кездесу өткізді. Кездесуде мемлекеттік тілдің маңыздылығы, ұлт
қайраткерлерінің тіл туралы қанатты сөздері мен ұлттық код туралы айтылды.
Әуезов, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша «Қазақстанның
болашағы – қазақ тілінде» атты тақырыпта Республикалық «Ұлт тағдыры»
қозғалысының төрағасы, саясаткер – Дос Көшім кездесу өткізді. Кездесуде қазақ
тілінің заңдағы мәртебесі, мемлекеттік тілді қолдану өрісін кеңейту жолдары мен
тіл дамытудағы мемлекеттің, мекеменің, мектептің, жеке тұлғаның міндеттері
туралы сөз қозғалып, ұтымды ойлар айтылды.
Әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі – Елдос Тоқтарбай Бостандық ауданына «Алаш элитасы: тұлғалық
даму, көшбасшылық, зияткерлік» атты тақырыпта кездесу өткізіп, Алаштықтардың
өмірі мен қызметтері, қазақ тілін сақтап қалу жолындағы елеулі еңбектері туралы
сөз қозғады.
Жетісу ауданында қазақ тілін үйренушілерге арнап «Жағдаятты
қазақ тілі әдістемесі» тақырыбында «Мәміле» клубының жетекшісі, қазақ тілін
үйретуге арналған кітаптардың авторы – Қанат Тасыбеков кездесу өткізді. Тақырып
аясында мемлекеттік тілді оқытудың,
меңгертудің қазақ және орыс мектептеріндегі жай-күйі талқыланып, қазақ тілді
үйренудің тиімді жолдары туралы айтылды.
Алматы қаласының әр ауданы бойынша кездеуге мемлекеттік
мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлік сала өкілдері, мұғалімдер, ата-аналар,
студенттер, ерікті жастар қатысты.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ