THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:

404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Алматы
қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік тілді дамыту институты 2024 жылы 29 қараша күні
сағат 11:00 де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (Н. Гоголь
көшесі, 114) мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференция өткізді.
Конференция
жұмысына мемлекеттік органдар мен мекемелердің тиісті мамандары, ғалымдар,
қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, тіл белсенділері, зиялы қауым және БАҚ
өкілдері қатысты.
Алматы
қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 қаулысымен «Алматы
қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға
арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» бекітілген.
Конференцияда осы аталған жоспарға сәйкес 2024 жылдың басынан бері өткізілген
іс-шаралар мен орындалған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, нәтижелері талданды.
Конференцияда
«Алматы қаласындағы тілдік ахуал (әлеуметтік лингвистикалық зерттеу және
мониторинг)» атты ғылыми монографияның тұсауы кесіліп, «Almaty-atau»
онлайн-платформасының таныстырылымы болды. Іс-шара барысында жылдың басында
жарияланған «Көрікті жарнама – көркем тіл», «Сәбилерді сөйлетейік», «Қазақ
тілінің үздік оқытушысы» қалалық байқауларының жеңімпаздары Алматы қаласы
әкімдігінің дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталып, ақшалай сыйлықтар
табысталды.
Конференция
жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихатталатын болады.
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ