THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
2025 жылдың 3 қараша күні «Bilim innovations group» орталығының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті гранттық негізде қаржыландыратын «Қазақстан аумағындағы тілдік ортада монотілді бала өсірудің қиындықтары, себебі және шешу жолдары» ғылыми жобасына қатысты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына жоба жетекшісі, Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология
ғылымдарының кандидаты Саткенова Жайна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Мұхамади Құралай, Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбай,
филология ғылымдарының магистрлері Алпысбай Әлия, Самарқанова Ақерке және орталықтың
ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара офлайн және Zoom платформасы арқылы
онлайн форматта қатар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның көптілділік
жағдайында монотілді баланы өсіру қиындықтарын анықтау, олардың себептерін
талдау, мәселені шешудің тиімді жолдарын ұсыну. Тілдік ортаның бала дамуына
әсерін зерттеп, монотілді бала тәрбиелеу барысында туындайтын әлеуметтік және
оқытудағы қиындықтарды анықтау. Мәселенің шешімі ретінде ата-аналар мен
педагогтерге практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Жоба жетекшісі өз баяндамасында жобаның
өзектілігіне тоқталып, оның қоғамдағы сұранысы мен ғылыми маңызын айқындады. Қазіргі
таңда Қазақстанның көптілді тілдік кеңістігінде монотілді баланы өсіру мәселесі
өзекті болып отырғанын атап өтті.
Конференция барысында қатысушылар жоба
мақсаттары мен міндеттерін талқылап, зерттеу әдістері мен дереккөздерін
таңдауға қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ, монотілді баланың тілдік дамуын
зерттеу тетіктері, эмпирикалық материал жинау тәсілдері, ата-аналар мен
педагогтерге арналған сауалнама құрылымы және зерттеу кезеңдерін үйлестіру
мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында зерттеу тобының мүшелері
өзара міндеттерін бөлісіп, алдағы жұмыстың негізгі басымдықтарын белгіледі.
Конференция нәтижесінде жобаны жүзеге асырудың ғылыми және практикалық
тетіктері пысықталып, оның табысты орындалуына бағытталған ортақ ұстаным
қалыптасты.
ПІКІР АЛМАСУ
23/10/2025 16:55
«Қазақ топонимикасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
|
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|

2)
3)
4)



