КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

2025 жыл 29 қазан күні Мемлекеттік Тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті гранттық негізде қаржыландыратын «Мектеп оқушыларының эмоционалдық интеллектін (EQ) дамыту мақсатында әдебиет пәнінің мазмұнын өнермен біріктірудің ғылыми және әдістемелік негіздері» ғылыми жобасына қатысты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына жобаның жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, Сүлеймен Демирел университетінің профессоры Береке Жұмақаева, филология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Жарқынбике Сүлейменова,                 филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының гуманитарлық зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы Алтынай Асқарова, филология ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аға оқытушысы Ербол Бекіш, филология ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Назира Досан және Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатар ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет пәні мазмұнын өнер интеграциясында оқыту арқылы оқушылардың тұлғалық және эмоционалды зиятының дамуына оң әсер етудің, әдеби білім мазмұны арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды сіңірудің теориялық және әдіснамалық негіздемесін әзірлеу, үлгілік оқу бағдарламаларын жасаудың жоспарын анықтау.

Профессор Береке Жұмақаева өз баяндамасында жобаның өзектілігіне тоқталып, мектептегі әдебиет сабағын өнермен кіріктіре оқыту оқушылардың эмоционалдық қабылдау, өзін-өзі тану және шығармашылық ойлау қабілеттерін арттырудың тиімді тетігі екенін атап өтті.

Ербол Бекіш өз сөзінде оқу процесінде комикс, иллюстрация және анимациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін мысалдармен дәлелдеп, заманауи оқушылардың визуалды қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажеттігін атап өтті.

Профессор Жарқынбике Сүлейменова әдебиет сабақтарында оқушылардың эмоционалдық интеллектісін қалыптастыруға бағытталған авторлық тапсырмалар мен шығармашылық жобалардың үлгілерін ұсынды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар аталған зерттеу бағытының өзектілігін атап өтіп, әдебиетті өнермен интеграциялап оқытудың ғылыми және әдістемелік моделін жасау бойынша ұсыныстар қабылдады.



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз

































ТЕКСТ

Яндекс.Метрика