THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Мемлекеттік тілді дамыту институтында қазақ әдебиетінің
классикасын жаңа форматта оқырманға ұсыну мақсатында Ұлт ұстазы, қазақ жазуының
реформаторы Ақымет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» еңбегі комикс форматында жарық
көрді. Комикс форматындағы бұл жинақ жас оқырмандар үшін мәдениет пен даналықты
қызықты формада үйренудің тамаша жолы болса, ересектер үшін – қазақ әдебиетінің
классикасын заманауи форматта қабылдап, әр мысалдағы өмірлік сабақтарды ой
елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
Ақымет Байтұрсынұлының шығармасында көрсетілген негізгі тақырыптар: адалдық, еңбекқорлық, батылдық, әділеттілік, сыйластық, достық және жауапкершілік. Комикс осы қасиеттерді көркемдік визуализация арқылы оқырманға жеткізеді.
Комикстің бірінші кітабында оқырманға «Айна мен маймыл», «Акку, шортан және шаян», «Ала қойлар», «Аңдарға келген індет», «Ат пен есек», «Егіннің бастары», «Қасқыр мен тырна», «Өгіз бен бақа», «Қасқыр мен түлкі», «Шымшық пен көгершін» мысалдары ұсынылса, екінші кітапта «Қасқыр мен қозы», «Бұлбұл мен есек», «Екі бөшке», «Еменнің түбіндегі шошқа», «Жүргіншілер мен иттер», «Малшы мен маса», «Арыстан, киік және түлкі», «Қара бұлт», «Сары шымшық», «Маймыл мен көзілдірік» сияқты қызықты мысалдар қамтылған.
Жинақтың мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын
заманауи стильде көрсету арқылы қазақ әдебиетін оқырмандар арасында кеңінен тарату,
олардың өмірлік құндылықтарды түсінуін жеңілдету. Комикс форматы арқылы ұлттық
мәдени мұраға қызығушылық тудыру және жас оқырманның ой-өрісін кеңейту
көзделген. Сонымен қатар бұл жинақ мектептер мен кітапханалар үшін де пайдалы,
өйткені ол балалар мен жасөспірімдерді әдебиетке тартудың инновациялық тәсілі
болып табылады.
Қырық мысалды он оннан төрт кітапқа бөлдік. Жақын арада
комикстің қалған екі кітабы да жарыққа шығады. Күтіңіздер!
Толық ақпарат алу үшін +7 778 427 6707 нөмеріне
хабарласыңыз.
МТДИ АҚПАРАТ
ПІКІР АЛМАСУ
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



