THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы. Әдеби ағымдардың ешқайсысына енген емеспін
Авторы: Рүстем Нүркен
28/04/2017 12:00 0 81942 0
Әдеби еңбекті ешкім мақтан үшін
жазбайды, ол мінезден туады. Ұлтының қажетін өтейді сөйтіп. Менің ақ патша
тұсында басылып, халыққа кең тараған әдеби еңбектерімнің ішінен Крылов
мысалдарының қазақша аудармасын, «Маса» деген атпен топтасқан өлеңдерімді
бірегей бөлектеп атар едім. Совет үкіметі тұсында шығармашылық шаруадан
қашықтай бердім. Ғылыммен айналыстым, қасиетті тілдің түп төркінін ақтарып,
ғылым жасадым. Көркем әдебиетке деген көзқарасым: оның құндылығы сонда – нендей
идеяны көтерген шығарма болмасын егер адам әлемнің сезіміне, жан дүниесіне
қалай, қайтіп әсер ете алады дегеннен шығып жатады. Әсерге бөлей алса ғана ол
әдебиет. Ой, тұжырым мәселесі екінші кезекте тұрғаны жөн, ал адамды өз әлеміне
баурай тартып еліктіріп әкетер күші жоқ шығарма әдебиет емес, идеология ғана
деп ойлаймын.
Қазақстандағы әрқилы әдеби ағымдармен
таныспын, әйтсе де олардың ешқайсысына енген емеспін, өз басым әдеби өмірде
жұмысшы табының мүддесі жоғары ма, әлде ұлттың мүддесі жоғары ма деген
тұжырымға елп етіп еліге қоймаймын. Ең әуелі кәсіп емес, мұң, шер, адам жаны
бірінші көрінуге тиіс қой. Өзімнің жоғарғы оқу орындарында жастарды тәрбиелеу
ісіндегі сындарымда, әдебиет мәселелері туралы жазған мақалаларымда осы
қағидадан табан аударғаным жоқ.
1929 жыл, 18 маусым, Байтұрсыновтың қолы
# 78754 істегі тергеу хаттамасы
“Жалын” журналы. 1991 жыл. 5,91 –
Қыркүйек-Қазан
Namys.kz
ПІКІР АЛМАСУ
22/12/2025 22:24
«Түсіндірме сөздік әзірлеудің лингвистикалық негізі» атты ұжымдық монография шықты
|
22/12/2025 22:20
«Қазақ тіліндегі мағынасы күңгірт сөздердің этимологиясы» атты ұжымдық монография шықты
|
22/12/2025 22:18
«Эпикалық жырлардағы кейіпкерлер: дәстүр, замана құндылығы және көркем бейне» атты монография шықты
|
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)


