THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Ұлы үйленеді
дегенде «отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасап, барын шашатын қазақпыз ғой.
«Баласына бір той жасап бере алмай, өтіп жатыр дүниеден қанша адам» деп, барын
да нарын да баласының жолына салады. Тірнектеп жиған-тергенді тойға жаратады.
Себебі, той біз үшін — ізгілік пен жақсылықты, озық дәстүрлерді жаңғыртып,
жалғастыратын елеулі оқиға.
Үйлену тойының
сәні беташар екені белгілі. Осы бір киелі де кәделі ғұрыпта қаншама тәрбие
тұнып тұр десеңізші. Әйтсе де осы бір дәстүрімізді қаншалықты дұрыс атқарып
жүрміз?! Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасайтын салтының бірі. Дәстүрлі
беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген екен. Бет ашу
рәсімі жаңа түскен жас келін үшін мән-мағыналы, маңызды шақ десе болады. Осы
күннен бастап оның қыз дәурені аяқталып, ақ апаларымыз айтпақшы қайын жұртқа
«тастай батып, судай сіңетін» кезеңі басталмақ. Біз болсақ бұл шараны үлкен
тойдың алдында жасап жүрміз. Бұл жерде беташар не үшін және кім үшін жасалады
деген сұрақ туындайды.
Келіннің бетін
қайын жұртымен таныстыру үшін ашады. Яғни, бет ашылу рәсімі күйеу жігіттің
туыстары алдында жасалады. Беташар салтанаты, бейнетүсірілім, суретке түсіру…
Сөз жоқ, мұның бәрі әдемі. Бірақ, қазақ қыздың бетін өз төркінінің алдында
ашпаған. Біздің ең өрескел қателігіміздің бірі — осы.
Ата дәстүрді аяқасты еткенде, тапқанымыз шамалы. Кім алғаш бастағанын кім білсін, біздегі «салт» осы. Қазақтың салтын құрмет тұтқан асабалар дәстүрді жаңғыртып, «қисайған көшті» түзеуге атсалысар бәлкім.
Отарқа
ПІКІР АЛМАСУ
22/12/2025 22:24
«Түсіндірме сөздік әзірлеудің лингвистикалық негізі» атты ұжымдық монография шықты
|
22/12/2025 22:20
«Қазақ тіліндегі мағынасы күңгірт сөздердің этимологиясы» атты ұжымдық монография шықты
|
22/12/2025 22:18
«Эпикалық жырлардағы кейіпкерлер: дәстүр, замана құндылығы және көркем бейне» атты монография шықты
|
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)


