КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

    Дауыл әкелді ме? Жауын әкелді ме? Қазаққа Даун ауруы да жетті. Туғанына бір ай болған сәбидің қант ауруына ұшырағанын да естідік. 
Тәуелсіздік алдық деп есікті ашық тастадық. Әлемге әйгілі боламыз деп алашапқын болып жүргенімізде дүниежүзінің бар кеселі мен дертін бойымызға жамап жатырмыз.
Қазақ деген қаны таза халық едік.
    Жеті атаға дейін қыз алыспай, тектілікті сақтаған ел болатынбыз. «Ауру – астан» деп, тамақтан ұшынбаса, күндіз-түні жортқаннан жел-құз жабыспаса, басқа дерттің көбісінен аман едік. Қызылша, шешек, оба сияқты жұқпалы аурулар килікпесе, басқа кеселдерге илікпеген қалпымыз бар еді. Жарасымды әдет, ғұрып, салтымыз бар еді...
    Өкіметтің «Өз күніңді өзің көр» деген саясаты өлмеген құлды өмірем қаптырды. Отбасы, ошақ қасындағы қазақ әйелдері ала қап арқалап, базарға шықты. Не оқу, не жұмыс, не кәсіп жоқ қазақ қыздары ірі қалаларды паналады: барар жер, басар тауы қалмағасын ата-бабасының түсіне де кірмеген жеңіл жүрісті таңдады; ақшасы бардың аяғын жаласа да нәпақа табу болды арманы; Көзін де, өзін де сатты. Тәнін де, жанын да сатты. Ар-намыс аяқтың астында қалды. 
    Қаншама Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақжүніс, Қыз Құртқа, Кенжекей мен Күнікейлер қоңқақ мұрын кавказдықтың, еміренген еуропалықтың, нәпсі билеген негрдің, ойына келгенін істейтін орыстың, қойнына енгенді істейтін қытайдың, көзі сығырайған кәрістің қолтығына еніп кете барды. Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа қалмады. Қазақтың жігіттері басын көтере алмады.
    Елдегі телі мен тентек, ері мен еркек намыстан жұрдай болды. Соншалық сорлы болатындай не қылған бейшарамыз? Жатжұрттықтар ойрандаған жамалына қалқайып қайрат көрсетіп қорған болар амалы болмады. Ездік, ессіздік, есалаңдық елдің қанына сіңді. Намыс өлді.
    Намыс дегеннен шығады: көрші Ресейдің бір режиссері жеңілжүрісті шешен қыздары туралы кино түсірген көрінеді. Жиырма жасар бір шешен жігіті әлгі режиссердің пәтеріне барып, құбылаға қаратып бауыздапты да милицияға «мен мына режиссерді өлтірдім, егер кімде-кім осындай кино түсіретін болса, келесі шешен келіп оны да өлтіреді» деп милицияға хабарлапты. «Жар басындағы жантақты жанынан безген нар жейді» дегендей, Ресейдің бірде-бір режиссері бұл тақырыпқа қайта жоламайтын болыпты.
    Қазақстанда пәленбай ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады деп әлемге жар салғанда кеудемізді шар кергендей кердең қағамыз. Өмір бәрімізге бірдей: тұрмыстың тауқыметі бар халықтың басында бар, бірақ көшеге шығып, тәнін сатып тұрған бір түріктің немесе күрдтің, қарашай мен құмықтың қызын көрдіңіз бе? Ұяттан безген ұйғырдың қызы көзіңізге түсті ме? Абыройын айрандай төккен әзірбайжан қызын кездестірдіңіз бе? Тәнін саудалап, топырлап жүрген татар қызын табасыз ба? 

Айқын

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 321 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 763 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1007 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика