КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


«Тіл туралы» заңның қабылданғанына 25 жылдың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығында тіл саясатының жүзеге асуы жолында қыруар еңбек жасалғанымен, тіл майданы жолындағы игілікті істер бір сәт те тоқталмауы тиіс. Тілдің мерейін, мәртебесін асырып, қадір-қасиетін танытуда, тынысын кеңейтіп, қолданылу аясын, өрісін ұлғайтуда, шын мәнісіндегі мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне әр кезеңнің, әр буын өкілдерінің атқарар міндет-парызы жалғасын таба берері сөзсіз.

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізген «Тілдер» апталығы аясында «Ана тілім – қазынам» атты эссе жазу сайысында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері де бақтарын сынап, толғауы тоқсан қызыл тілдің шынайы болмысын, қоғам, адам өміріндегі өлшеусіз орнын, ең құнды, ең қымбат қазына екенін қал-қадерінше танытып, ана тілінің мерейін асқақтатуға өз үлестерін қосты. Сайысқа тілші, әдебиетші мамандығының қыр-сырын үйренуге жаңа қадам басқан 1 курс студенттерімен қатар жоғары курс студенттері де қатысты. Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең таза, ең көрікті тіл саналатын ана тіліміздің көл-көсір байлығын, әуезділігін, көркемдігін, шешендігін талдап-таразылап көрсетумен бірге қазақ тілінің мән-маңызы, қадір-қасиеті, мәртебесі туралы да толғанғаны, тіл төңірегіндегі түйіні көп мәселелердің шәкірттерді де толғандыратыны, ұлтына, тіліне деген алғаусыз көңілі, сүйіспеншілігі ақ қағаз бетіне сыр болып құйылып, лүпіл қаққан пәк жүректен жыр болып төгілді. Көнеден жеткен қымбат қазынаны қастерлеуде, асыл мұрамызды ұлықтауда өлшеусіз еңбегі сіңген алаш қайраткерлерінің, зиялыларының тілге қатысты ұстанымы, оның болашағы үшін атқарған жанкешті еңбегі, іс-әрекеті де болашақ тіл-әдебиет мамандарының назарынан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, аталмыш факультеттің 1 курс студенттері Андирова Әсемнің, Бірлесбек Саягүлдің, 3 курс студенті Нұркамал Қуаныштың шығармашылық жұмыстары ең үздік жұмыстар ретінде аталса, 2 курс студенті Сейітова Бағдагүлдің, 3 курс студенті Рапашева Еркенің және өзге де талапшыл жастың жазған дүниелері қазылар алқасының көңілінен шықты.

Эссе жазу барысында қойылған талап деңгейінен көрінген үздік жұмыстар Г. Оспанова, Е. Солтанаева бастаған қазылар алқасының шешімімен сараланып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан өрендерге факультет тарапынан сый-сияпат, алғыс хат беріліп, үздік шығармалар баспасөзге жариялануға ұсынылды.


Қазақ әдебиеті тарихы және теориясы

кафедрасының куратор-эдвайзерлері


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


18/04/2017 11:31

Туған тілге құрмет
0 4569 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика