КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті құқық қорғау органдары арасында «Үздік қызметкер» республикалық конкурсын ү.ж. 13 желтоқсан күні сағат 14.00 Астана қ. Тәуелсіздік көшесі 50, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ғимаратының «Жамбыл» залында өтті.

         Конкурстың негізгі мақсаты құқық қорғау органдары арасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, оны оқып үйренуге және қызметте қолдануға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ патриоттық тәрбиені жандандыру.

         Конкурсқа құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құрылған командалар қатысты. Әрбір команда 5 адамнан тұрды, оның бірі өзге ұлт өкілі болып табылды.

         Конкурс екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең – таныстыру және бейнебаян, екінші кезең - «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбындағы жағдаяттық сахналандырылған көрініс.

         Конкурс жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Қоғамдық даму министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілдері мен ғалымдардан тұратын арнайы қазылар алқасы бағалады.

         Конкурстың қорытындысы бойынша бас жүлдені – ҚР Мемлекеттік күзет,     I орынды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, II орынды – ҚР  Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, III – ҚР Бас прокуратурасы иеленді. Жеңімпаздар диплом, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208300 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195022 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150747 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика