КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Тіл-Қазына» орталығы)  2019 жылдың
31 мамырында Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасының мәжіліс залында ««Жаңа әліпби негізіндегі емле мен пунктуациялық ережелер мәселелері» атты Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия
жанынан құрылған Орфографиялық топтың (бұдан әрі – Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топ) отырысын өткізді.

Семинардың мақсаты жаңа әліпби негізінде жасалған емле мен пунктуациялық ережелерге қатысты мәселелерді талқылау және сараптау болды.

Семинарға Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топ мүшелері құрамындағы ғалымдар мен депутаттардан тыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан (бұдан әрі – Тіл білімі институты), сонымен қатар еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарынан да сарапшы ғалымдар шақырылды. 

 Семинар барысында «Тіл-Қазына» орталығына жолданған емлеге қатысты ұсыныс-пікірлер талқыланды, емле ережесін үйретуге қатысты жүргізіліп жатқан оқыту курсына қатысты алғашқы тәжірибе баяндалып,
26 сәуірде өткен отырыстағы емле ережесіне қатысты ұсынылған сын-пікірлерге контенттік талдау жасалды, пунктуациялық ереже жобасы таныстырылып, талқылауға ұсынылды. Бұл ретте емле ережесіне қатысты «Тіл-Қазына» орталығы Орфография басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова, ал пунктуациялық ережелерге байланысты Тіл білімі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаламқас Қалыбаева баяндама жасады.                            

 

 

                   Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71- 32, 87075333873


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208298 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195017 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150743 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика