КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Елтаным» байқауы имамдардың білім-білігін ғана емес, ұлттық салт-дәстүр, ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектерін халық арасында насихаттау тәсілдерінде сарапқа салу үшін биыл екінші рет ұйымдастырылды. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігі, Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен үш кезеңге бөлінген байқауға қала мешіттерінен 80 имам қатысып, іріктеуге 24 үміткер өтті.  Жүзден жүйрік шыққандар арасынан ақтық сынға өткен 8 имам Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде көпшілік алдында сынға түсті.

Қатысушының ұлттық салт-дәстүр мен ислам діні қағидаттарының үндестігіне қатысты, қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалар еңбектерінен білім деңгейі, белгілі бір жағдаятқа байланысты уағыз айту кезінде қатысушы тілінің әдеби нормаға сай тазалығын бағалау сатыларынан өтті. Салт-дәстүр, халық әдебиеті, тарих, дін салаларының білгір ғалымдарынан құрылған қазылар алқасы да әділдігін беріп, 8 имамды барынша мұқият саралады.

Жүлде қоры 1 млн. теңге тұратын сайыста:

Бас жүлде Наурызбай ауданы Қарағайлы мешітінің наиб имамы Темірбек Пернебекұлы – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

1 орын – Түркісіб мешітінің наиб имамы Мирас Касимов 200 000 (екі жүз мың) теңге;

2 орын – Жомарт Кершеев Алатау ауданы әл-Азим мешітінің наиб имамы 150 000 (жүз елу мың) теңге;

3 орын – Әуезов ауданы Ақсай мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішев  100 000 (жүз мың) теңге иеленді.

Сондай-ақ арнайы диплом және 75 000 мың теңгеден 2 сертификат, ынталандыру 2 диплом 50 мың теңге 2 сертификат қатысушыларға берілді.

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев: Имам – бұл бүгінгі қоғамда нағыз үлгі, жан-жақты креативті, білімді де білікті азамат  қана емес, Қазақстан мемлекетінің дамуына тікелей үлес қосатын тұлға болуы тиіс.  Міне, «Елтаным» сол имам бойында болуы тиіс қасиеттер мен қабілеттерді шыңдайтын бірден-бір байқау,-деді. Ал «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы, қоғам қайраткері  Оразкүл Асанғазы  былтырғы бәйгеден биылғы сайыс деңгейінің әлдеқайда жоғары өткенін айтып, имамдардың ізденімпаздығына ризашылығын білдірді.

Жеңімпаздарды марапаттай келе, қазылар алқасының мүшелеріне Алғыс хат жарияланды. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков мырза мен Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай мырзалар бірлесіп өткізген бәйге өте жоғары деңгейде әсер қалдырды.

Материалдар https://nmu.kz/kk/news/nur-mubarak-universitetinde-otken-eltanym-bajkauynda-uzdik-imamdar-anyktaldy/ алынды.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208301 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195023 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150749 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика