КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Түркі әлемінің рухани мұрасы, оның көпжылдық төл мәдениеті әлем өркениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан  мәдени өзгешелік ХХІ ғасырда да рухани мәнісін айқындап, түркі халықтарының әлемдік зиялы дамуының тасқынындағы орнын белгілейді.

Қазақ халқының әріден бастау алатын ұлттық тарихында өз орнын алатын Ж.Баласағұни бабамыздың тәлім-тәрбиелік ойлары, өсиет-өнегелері өз құндылығымен ұрпақтан-ұрпаққа тәлімдік қуатымен жетеді. Құтты білімді құрметтей қабылдап, оның асылдарын ала білетін ұрпағымыз Баласағұнидің бар дүниесін қастерлей беруі ләзім.

Халықтың ғасырлар қойнауында өмір мен ойдың ортасында от пен суға кезек суарылған алмастай асыл, ақылды сөздері:

Тірі - өлер, ақыры жер жастанар, Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар.

Өзің жақсы болсаң, атың мақталар,

Жаман болсаң егер, сөгіп, датталар.. деген жолдардағы ойлар жазу өнері, жазылған сөздің ғұмырлылығы, жазылған хаттың жоғалмайтындығы жөніндегі толғамдарға ұласқанда қазақтың «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» атты қанатты даналық сөзі санада салмақталып, ірілене береді.

Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,

Білімді сөз – шырын жанның құнары:

«Бұның бірі – тілдің жалған айтқаны,

Бұдан басқа – айтқан сөзден қайтқаны!» деген мағынаны ұғу көп қиыншылыққа түспейді. Жүсіп Баласағұн:

Кімді сүйіп, жақын тартсам жаныма,

Жапа қылды, қалай сүйем тағы да ? (6578 бәйіт), - дейді.

Тіл өнері туралы тарау тұтастай өнер алды – қызыл тілдің қадір-қасиетін, пайда-зиянын түсіндіруге арналған.

Тіл кісіні қадірлі етер, бақ қонар,

Тіл қор қылар, кететіғұн бас болар.

Есік баққан тіл – арыстан ашулы,

Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды,

Сөзінді бақ, басың кесіп алмасын,

Тілінді бақ, тісің сынып қалмасын.

Тілінді бақ, басың аман болады,

Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады.

Бұл орайда, ел ішінде бағзыдан мәлім «Басқа пәле тілден», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер» деген асыл сөздің төркінін аңғарудың еш қиындығы жоқ. Осы ой 2692 бәйітте кездеседі:

Кісі көңлі түпсіз теңіз, ойлансаң,

Білім – інжу түбінде, анық қойма сан.

Кісі інжуді шығармаса теңізден,

Тас не, інжу не пайдасы не тегінде?

Қара жердің қатында алтын тас болар,

Егер шықса, бек басында тәж болар, – дейді.

«Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырсыз қалар ұятқа, сабырлы жетер мұратқа» сияқты халық даналығының тумасына, бастау арнасына мына жолдарды еш күдіксіз балауға болар еді:

Сабыр кісі өз тілегін табар,

Сабырмен тұрған ер ақ құс тұтар.

Егер ашу - өкпең келсе, қатулан сабыр қыл,

Сабырлы кісінің сүйіншісі алдында.  Демек, «Құтты білік» тілінің, ойының, поэтикалық бітімінің асыл мәтінінің, шынайы даналығының дәлелі. «Құттадғу біліктің» тілі ең таза, ең әдемі, сұлу тіл екендігі кітаптың өзінде де айтылған, белгілі зерттеуші ғалымдар да, аудармашылар да      (М. Қашқари, С.Е. Малов, А. Кононов, Р.Р.Арат, С.Н. Иванов т.б.) айтып дәлелдеген.

Жақсы мінез-құлық, тәрбие жөнінде де небір даналық қағидалар ұшырасқанда, тілімізде күн сайын айтылып жүрген қанатты сөздер қайта түлегендей әсер етеді.

Ақ сүтпенен бірге сіңген жақсылық,

Айнымайды еш, алғанша ажал, қапсырып. (881 бәйіт)

Іште біткен қылық, парыз мойныңа,

Бірге кірер қара жердің қойнына? (883 бәйіт)

Сөзбен сөксе – тілі ашытып қаныңды,

Сүйек сыздап, жалын қабар жаныңды.

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді.

Сөз қалады, таяқ табы кетеді. Бұл бәйіттің қазіргі ел аузындағы нұсқасы «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» екені анық [29; 455-468 бб.].

Үш тұғыр, үш таған, үш таяныш. Бұл ежелден аян, тарихта талай тілге тиек болған қағида. Кітапта Күнтуды елік Айтолдыны шақырып кеңескенде үштұғырлы тақта отырады. Оның мәнін сұраған Айтолдыға үш тағанды нәрсенің беріктігі жөнінде толғайды (800-805 бәйіттер). Кейін осы ой ел бірлігі, ел бектерінің қасиеттерін саралайтын тарауда тереңдеп, нақтыланып талданған, түсіндірілген.

Бірі – дана, ғалымдар, зейінділер,

Бірі – хатшы, білсін дер кейінгілер,

Үшіншісі – жүректі ер, батырларың,

Жау десе, жайдай жайпар жасындарың

Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса [29; 500 б.],

Қалған жұртты үйіріп, қоңсыға алса деп, ел басшысына бектердің үш түрін, тобын түсіндіреді, үшеуінің қызметін, пайдасын саралап береді. Мемлекеттік жүйені танытатын желі. Ел жұртты, ерлерді халықтық іске, шаруашылыққа, малға, білімге бағыттаса, енді бірін хат пен қаламға, тілге, шешендікке бейімдесе, енді бір қатарын елді қорғауға меңзеп тұр. Бұл да қазақ халқының ежелгі мақалында кездесетін, өте кең танымал ойдың тұжырымы.

Елді аларда алмас қылыш жарқылдар

Ел басқарсаң алтын қалам жалтылдар

Білім, ақыл елдің ішін түзетер,

Үш батырың күллі әлемді күзеттер, - деген келесі жолдар айқын ойды шегелей түседі [29; 455 б.].

Жоғарыдағы қазақ мақал-мәтелдерімен, нақылдарымен салыстырудағы мақсат: туған әдебиетіміздің алыс бастау арналарын, сонау көне Х ғасыр ескерткіштерімен тікелей тамырластығын аңғарту еді.

      Құтты ел. Құтты халық. Осы қос ұғым әлеуметтік, филологиялық түсінік үлгісінде айқын, жүйелі қолданған бірден-бір ежелгі түркі мұрасы - «Құтты білік». Дана, ақын Жүсіп Баласағұн:

Құт дарыды, өсті халық өрісі,

Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі.

Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,

Құтың өсіп, абыройың асады, - деп түйіндейді.

Бұл сөзімді білімдіге арнадым,

Білімсіздің тілін ұға алмадым [29; 333 б.].

Білімді, құтты мемлекет. Азаттықтың да, тәуелсіздіктің де, береке бірліктің де тірегі – мемлекет, елдік, білім – білік һәм парасат. Елдіктің өзегі – білік, Елдіктің кілті – тіл, Елдіктің қадір-қасиеті – кісілік. Құтты мемлекет, жұлыны берік елдік тәуелсіздікті, азаттықты, бірлік-берекені қорғап, қоршайды. Жүсіп Баласағұнның тарау-тарау өлең толғауларын өз сөзімен тарқата түйіндесек осындай тұжырымдарға саяр еді.

Орта ғасырлық жазба жәдігерлерді тарихи, саяси, мәдени ахуал негізінде сопылық әдебиетпен байланыстыра зерттеу қажет. Бұл көп мұралардың өзіндік төл ерекшеліктерін анықтап қана қоймай, әлем өркениетімен болған ықпалдастықтың түп қазығын аша түсері анық.


Пайдаланған әдебиеттер

1.     Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен ауд. жəне алғы сөзі мен түсінік. жазғ. А.Егеубаев. — Алматы: Жазушы, 1986. — 616 б.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика