КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2015 жыл, қыркүйек айының 24-і күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «National geographic» журналының қазақ тілді нұсқасының таныстырылымы өтпек. Жақында әлемге белгілі «National geographic» журналының Қазақстандық нұсқасы мемлекеттік тілде жарыққа шыққалы отыр. Бұл отандық масс-медиа саласындағы үлкен жетістіктердің бірінен саналады. Салтанатты шараға қазақстандық және америкалық бірқатар ресми тұлғалар, іскерлік қауым, БАҚ және елшілік өкілдері қатысады деп күтілуде.«National geographic» - жай ғана қатардағы журнал емес, ол бастауын ХІХ ғасырдан алатын бүкіл әлемге белгілі, беделді қоғамдық ұжым. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Олардың тартымдылығы да сонда. Журналдың алғашқы саны 1888 жылы жарық көрді. Бүгінде дүниежүзі бойынша 50-ден астам елде, 31 тілде шығады. Әлемдік жалпы аудиториясы 38 млн. оқырман.

 Шараның өтетін орны: АҚШ, Нью-Йорк қаласы, The St.Regis New York қонақүйі.



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика