КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Алматы қаласында Ұлттық кітапханада үш томдық «Тәуелсіз Қазақстан: қазіргі заман әдебиетінің антологиясы» кітабының тұсаукесері болып өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері Қайрат Келімбетов, Сұлтан Сартаев, ақын-жазушылар Бексұлтан Нұржеке, Шерубай Құрманбайұлы, Уәлихан Қалижанов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубаев, Райхан Мәженқызы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар еліміздің мәдени-рухани өміріндегі бұл айтулы іс-шарада «Художественная литература» баспасының директоры, академик Георгий Пряхин де болды.

Жиынды ашқан Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов бүгінгі іс-шара Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісі екенін атап өтті. «Бүгін білім мен ағартушылықтың Ордасында, жанымен, жүрегімен, керемет шығармаларды дүниеге әкелетін ақын-жазуышылардың ортасында тұрғаныма, қазақ әдебиетшілері үшін айрықша күн – қазіргі заман әдебиетінің үш томдық антологиясының тұсаукесеріне қатысып отырғаныма қуаныш-тымын.

Өздеріңіз де білесіздер, «Ресейде ақын ақыннан да жоғары» деген ұғым болса, Қазақстанда ақын-жазушылар қашанда бұл ұғымнан жоғары, мәртебелі болған. Бүгін мұнда ұлтымыздың ары мен намысы, ұяты – қазақ ақын-жазушылары жиналып отыр, сіздердің әрбіріңіз біздің мәдениеттің дамуына үлес қосып отырсыздар. Ал біздің мәдениет – қазақ халқының рухани негізін ұстап тұрған дүние.

Біздің тәуелсіздігіміз, Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы саясаты – қазақ мәдениетіне, әдебиетіне аса үлкен серпін берді деп есептеймін. Әрине, Кеңес дәуірінде де қазақ әдебиетшілерінің шығармалары шет тілдеріне аударылды. АлайдаТәуелсіздікпен келген жаңа тыныс – біздің әдебиетке аса ерекше әсер етеді деп ойлаймын» деді Қ.Келімбетов.

Үш томдық антологияның жарыққа шығуы бас банкирдің Үкімет қабырғасында қолға алған жұмыстарының жалғасы екенін айта кету керек. Қайрат Нематұлы жобаны жүзеге асыруға өзі мұрындық болса да, үш томдықтың баспадан шығуына көмектескен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинге, «Художественная литература» баспасының директоры Георгий Пряхинге алғысын білдірді.

Тәуелсіз Қазақстан кезеңін қамтыған бұл антологияның «Домбыра мен бесік» деп аталатын алғашқы томы тұтастай балалар әдебиетіне арналып отыр. Мұнда ертегілер, жұмбақтар, әңгімелер, повестер енген. Антологияның «Жусан иісті жұмақ өлке» атты екінші томына қырықтан астам көрнекті прозашылардың шығармалары басылған. Ал антологияның «Ғасырларға жол тартқан жақұт жырлар» деп аталатын үшінші томы түгелдей поэзияға арналған. Үшінші томда тәуелсіз еліміздің сексеннен астам ақындарының тамаша өлең-жырлары ұсынылған.

Тұсаукесерде сөз алған жазушы Смағұл Елубай әдебиет Қазақстанды әлемге жаңа қырынан танытатын құндылық екеніне тоқталды. «Әлемде біздің ел жайлы сөз сабақтайтындар айтарының әлқиссасын әбден жаттанды болған «Мұнайлы Қазақстан» деген сөз тіркесінен бастайтындар көбейіп барады. Франция десе, көз алдымызға материалдық немесе табиғи байлығы емес, Русо, Ги де Мопассан келеді. Оларды Францияның тарихынан бөле-жара қарай алмайсың! Біз тек қазба байлықтарына ғана емес, адам капиталына да бай екенімізді, әлем әдебиетіне Абайдай, Мұхтардай текті ұлды сыйлаған текті ұлттың, тебінгілі халықтың заңды мұрагері екенімізді айтып, жар салатын уақыт жетті! Ол үшін қазақ жазушылары, ақындары шығармаларының антологиясын ағылшын тіліне аударып, Лондоннан, Нью-Йорктен Қазақстанның кітапханасын ашатын кез келді. Былтырдан бері осы жобаны қолға алып, рухани-шығармашылық салада Батысқа, Еуропа елдеріне терезе ашпаққа талпынып жүрген Ұлттық банк төрағасы Қайрат Нематұлына рахмет!» деді С.Елубай.

Жиын соңында Қайрат Келімбетов тұсаукесер рәсіміне қатысқан жазушы ағаларының ұсынысы мен өтініштері аяқсыз қалмайтынына уәде берді.

Ана тілі


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика