КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ тілін үйренушілер мен оның тереңіне бойлап танығысы келетін жандар үшін қазіргі қазақ интернетінде пайдалы порталдар мен танымы мол әлеуметтік желі арналары жетерлік. Талғамы мол оқырман өзіне керегін алып, кез келген ақпарат көзінен білімін жетілдіре алады. Мұны интернет дамуының адамзатқа сыйлаған үлкен бір сыйы деуге де болады.

Қазір интернетті қолданушылар үшін де оңай емес. Себебі миллиондаған, миллиардтаған ақпарат құралдарының ішінен жаныңа жақын әрі өзіңе керегіңді табу қиын. Мұндайда да жол сілтейтін, бағыт-бағдар беретін ақпарат керек-ақ. Бүгін біз осындай пайдалы ақпаратқа толы, қазақ тілінің қолданылу аясы мен үйретуді мақсат тұтатын арнамен таныстырмақпыз. Ол – YouTube әлеуметтік желісіндегі Akademiya_arnası (https://www.youtube.com/@Akademiya_arnasi).

Арнаның ашылғанына 1 жыл толмаса да, айтарлықтай аудитория жинап үлгерген. Жазылушылар саны аз болса да, қаралымы күн санап артып келе жатқаны байқалады. Арнада тіл саласына қатысты видео-материалдар, сұқбаттар, қызықты ақпараттар бар. Akademiya_arnası тіл білімі теориясымен айналысып жүрген мамандарға, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ грамматика саласына қызығушылық танытып жүрген көпшілікке арналады.

Арнадағы ерекше назар аудартатын сүбелі дүние – сұхбаттар. Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Бижомарт ҚАПАЛБЕКТІҢ өзі жүргізген сұхбаттар тіл, қоғам, сауаттылық пен жастардың рухани дамып, жетіліп, толысуына бағытталған. Сұхбатқа келгендер қатарында тілші-ғалым, филолог, тіпті депутат та бар. Әрқайсысының айтар ойы мен идеясы, ұсынысы мен кеңестері көрермен үшін пайдалы.

Арнадағы айрықша айта кететін тағы бір пайдалы ақпарат – қазақ тілі пәнін жаңартылған бағдарлама бойынша үйрету. Бұл қазақ тілі ережелерін білу мен тануға бағытталған. Әр сабақта әртүрлі тақырып қамтылып, оның табиғаты, құрылымы мен қолданылуы қарапайым мысалдармен айшықталады. Сондай-ақ жаңартылған бағдарламадағы кемшін тұстар да назардан тыс қалмайды. Сондықтан да мемлекеттік тілді дамыту институты жасаған бұл видеосабақтар болашаққа азық болары анық.

Академия арнасындағы тағы бір ерекше сабақ – әлеуметтік лингвистика. Мұнда профессор Аман Абасиловтың 12 видеодан тұратын лекциясы болашақ тіл мамандары үшін таптырмас қазына. Сабақта маман әлеуметтік лингвистиканы бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берген. Сондай-ақ арнада елімізге белгілі тілші-ғалымдардың ғылыми көзқарасы да топтастырылған. Бұл өз кезегінде ғылымға бағыт алған жастарға идея әрі ой саларлық дүниелер екені белгілі. Академия арнасының шығармашылық тобының жұмысына толағай табыстар тілейміз. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика