КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін Алдан Смайыл мырза 12 жылдық білім беру жүйесіне орай өткізілген жиында мектеп оқушыларының 3 тілді меңгеруіне байланысты өз ойын білдірді. Жаңа білім беру жүйесіндегі мұндай олқылықтардың балаларға өте ауыр тиетіні туралы Мәжіліс депутатының мәлімдемесін сөзбе-сөз ұсынып отырмыз.
“Ағылшын тілін тек 3-сыныптан бастап енгізу керек. Әлемдік қауымдастықта да осындай жолға қойылған. Жапонияда шет тілдерін оқыту 6-сыныптан басталады. Ал сіздер 3 тіл оқыту керек дегенді қайдан алдыңыздар? 6 жасар бала 3 тілді меңгеріп алады деген қорытындыны кім берді?
Көптеген отбасыларда балалар тұрмақ, ата-аналар өз ана тілдерін білмейді. Сол себепті де қазақ тілі 1-сыныптан бастап оқытылуы керек. Және ол әдебиет пәнінен бөлек өтуі тиіс.
Салыстырмалы түрде айталық, орыс және ағылшын тілдеріне бөлінген сағаттар қазақ тілі мен әдебиетіне қарағанда бірнеше есе көп. Мұндай жағдайдан кейін бастауыш мектебін бітірген оқушы ана тіліне қарағанда ағылшын тілін жетік меңгеріп шықпай ма?!”

Namys.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика