КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының ұжымы 83-маусымның шымылдығын қазақ ертегісінің кейіпкері «Алдар Көсе» қойылымымен ашты деп хабарлайды 24 kz-ке сілтеме жасаған mtdi.kz
Премьераға көрермен көп жиналды. Спектакльде езуіңе күлкі үйіретін, көңілге мұң ұялатын сәттері де бар. Оқиға шиеленісінің шешімін күткен көрерменнің көңіліне жол табу үшін артістер барын салды. Қазақ фольклорында ерекше орын алатын Алдар Көсе әділдік, адалдық, қайырымдылық сынды қасиеттердің маңыздылығын еске сала отырып, көрерменге ой салғандай.
Денис Ким, көрермен: – Біз бұл кейіпкерді жақсы білеміз, бәріміз айлакер Алдар Көсе туралы ертегілерді тыңдап өстік. Бұл музыкалық комедия театры, сондықтан да сахналық ойын-сауықтар арқылы әртістер қазақ ұлттық туындысын жас буынға жеткізуге тырысты. Спектакльді қазақ тіліндегі әндер мен корей тіліндегі диалогтар арқылы қою – театрдың бұрыннан қалыптасқан дәстүрі. Музыкасын өнер ұжымының композиторы Георгий Юн жазған. Режиссер Елена Ким және хореограф Анна Цой ертегіні ұтымды сахналаған дейді көрермендер.
Елена Ким, Корей театрының режиссері: – Хореограф, балерина Анна Цой екеуіміз спектакльдердің барлығын тәжірибе ретінде қоямыз. Меніңше, кез келген қойылымды жаңашыл көзқараспен сахналау керек. Тамаша композиторымыз бар. Соның жазған музыкасына осындай комедия қоюды ұйғардық. Режиссер пьесаны ертегілердің негізгі желісін сақтай отырып, өзі жазған. Халық жанашыры Алдар Көсе айлакерлігінің арқасында кедейлерді қорғап, байларды, жалқаулар мен ақымақтарды жазалаған.
Любовь Ни, Мемлекеттік республикалық кореймузыкалық комедиятеатрының директоры: – Жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу керек. Әрбір бала ерте жастан бастап өз жерін, бірге тұратын адамдарын, дем алатын ауасын құрметтей білу керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл қойылым жастарға ой салады, бүгінгі уақытқа лайықтап қойылған туынды деп ойлаймын. Жарқын да көңілді, бірақ айтатын ойы терең спектакльдің премьерасы үлкендердің көңілінен шықты. Ал жаңажылдық демалыс күндері қойылымды мектеп оқушылары тамашалайтын болады.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208295 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195010 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150730 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика