THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Түркі елдерінің тұтастығын дамытудың тағы бір кепілі - ортақ әліпби
Авторы: Майгүл СҰЛТАН
24/04/2017 12:10 0 4270 0
Түркі дүниесінің
бірлігі мен бірігуінің, мәдениеті мен руханиятының тұтастығын дамытудың тағы
бір кепілі - ортақ әліпбидің болуы. Астанада тұңғыш рет аталып өткен Түркі
жазуы күні аясындағы халықаралық форумға жиналған зиялы қауымның пікірі
осындай.
«Түркі әлемінің
бірлігі мен интеграциясы үшін олардың ортақ жазуының болуы өте маңызды. Өзге
елдерге ұқсас ортақ жазу жүйесін орнықтыра алсақ, бір-бірімізді жақсы түсініп,
бұдан да жақын қарым-қатынаста боламыз. Сондықтан да, бүгінгі күннің түркі
әлемі үшін өте үлкен рөлі бар деп есептеймін. Әрине, түркі жұртының ортақ
әліпбиі деп латын жаузын айтып отырмын. Түркия 80 жылдан бері латын алфавитін
қолданып келе жатыр. Басқа да түркі елдері латын әліпбиіне өтті. Қазақстанда
осыған байланысты қазақ латын жазуы жүйесін қалыптастыру жөнінде жұмыс істеліп
жатыр», - деді Юнус Эмре мәдениет институтының директоры Хаяти Девели.
Шынымен де,
елімізде латын жазуына көшудің алғашқы қадамдары жасалып жатыр. Сөзімізге дәлел
ретінде айтайық, Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл Мәдениет министрлігінің жанынан
құрылған комиссияның өз жұмысын бастағанын жеткізді.
«Түркі елдерінің
көбі латын әліпбиінде. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та латын
алфавитіне көшу жөнінде тапсырма бергенін ел біледі. Қазіргі кезде осы әліпбиге
көшсек қандай мәселелерді жүзеге асыруымыз керек, жазуымыз қандай болу керек,
толып жатқан еңбектерді қай кезден бастап аударуымыз керек деген мәселелерді
қарайтын Мәдениет министрлігінің жанынан комиссия құрылып отыр. Мен сол
комиссияның мүшесімін. Яғни, іске кірістік. Дәл қай кезде көшетінімізді
өзіміздің дайындығымыз біледі», - деді халық қалаулысы.
Айта кетейік, ҚР Парламентінің шешімімен 18 мамырдың «Түркі жазуы күні» болып белгіленуіне орай, Түркі академиясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өтіп жатқан халықаралық басқосуда Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және басқа да түркі тілдес елдерден келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері түркі жаузының келешегі, оның саяси және ғылым мәнін сөз етіп, түркі дүниесінің ортақ тарихын теориялық және методикалық тұрғыда талқылауда.
BAQ.KZ
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ