КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Аға буын аузынан: «Біздің кезде журналист болу қиын еді. Бүгінгі тілшілердің тірлігі – көшірме қағаз сияқты. Олар мақала жазбайды, көшіреді. Мақала түгілі, ақпарат жаза алмайды», – деген кейісті көп естиміз. Рас шығар, қазір интернеттің заманы. Ғаламтордың мүмкіншілігі көп: не керек, бәрін табуға болады. Жас журналистер соны жақсы меңгерген. Алайда сақа журналистер айтқан сынды жоққа шығара алмаймыз. Замандастарымыз сауатты ақпарат жазудың өзіне шорқақ. Бірақ біздің айтпағымыз, тілші қауымның сауатты ақпарат жазуы емес. Біздің назар әлеуметтік мәселе, репортаж, журналистік зерттеу сияқты кемшін жанр туралы болмақшы.
    Жасыратыны жоқ, бүгінгі журналистикада репортаж, зерттеу, очерк жазатын тілші аз. Тіпті басылымдар да бұл жанрға салақ қарайды. Азуы алты қарыс газеттердің өзінен репортаж, очерк табу қиынның қиыны. Бұл жанрды жаны қалайтындардың дені – Шерағаңның кезіндегі «шеңберден» өткендер. Қазіргі тілшілер мұндай көлемді, жан-жақты жазбаны жазу түгілі, оқудың өзін ауырсынады. Неге? Біздіңше, бүгінгі баспасөзде нақтылық пен қысқалық үстемдік құра бастаған сыңайлы. Оқырманды сынаудан аулақпыз. Бірақ бүгінгі оқырмандар да бір тақырыпты індетіп жазатын тілшілердің еңбегін оқуға құлықсыз. Уақытын қимайды. Алайда бос күні көп. Сонда олар мұндай кемелді, кісінің жан-дүниесін байытатын жазбаны оқуға неге сараң? Әлде, жалпы баспасөзде бұл жанр кемшін болған соң, санаулы әріптестеріміздің жазғанын олқы көре ме екен? Бүгінгі басылымдарда сұхбат пен ақпарат көп. Есесіне, халық мұңын қаузаған кешегі Шерхан мен Камалдың хатындай сүбелі дүние аз. Тіпті Еңбек Ері туралы мақалалар да сирек. Кезінде тілшілер табанынан тозып, ауыл-ауылды аралап, ұрпаққа үлгі боларлық азаматтарды тауып, соларды көрсетіп жазатын. Ескіні аңсаудан аулақпыз. Алайда журналист кейіпкер кейпіне еніп жазатын очерктер Оралхан Бөкейдің қаламынан қалай өрілуші еді. Бүгінгі замандастарым да солай жазса, ізденсе, қаламына ілінетін тақырып көп қой. Әттең, бүгінгі әріптестерімнің тілі – тақ-тұқ. Сайт, порталдардағы сауатсыздыққа қарның ашады. Замандастарым жазушылық ойға орашолақ, қиялға кедей. Шектеуді сылтаурататын журналистерге де айтарымыз жоқ емес. Сөз түгілі, артық әркетке тыйым салатын Қытайдың өзінде баспасөздің көтерген жүгі – атан арқалайтын мүліктей. Сонда олар қалай жазады дейсіз ғой. Қытай журналистері оқиға орнынан ақпараттың көзін алады, соны саясатқа соқтырмай, цензураға ілдірмей очерк немесе репортаж етіп, қаз-қалпында бере салады. Айғайлап-аттандамайды, күйдіріп-жандырмайды. Оқырман жазбадан өзіне қажеттісін алады. Сонан соң шығыстағы көршімізде кәсіби журналист болу – бірнеше сатыны қажет етеді. Сондықтан да Қытай баспасөзінен уыздай жас қыз-жігітті көп кездестіре алмайсыз. Оның үстіне, бұл елде салалық журналистика дамыған. Бұл да көрші сөзін көкке көтеріп тұрған бір фактор болса керек. Қысқасы, қазақ журналистикасының әлемдік деңгейге көтерілетін шағы туды. Қазақ сөзі әлем баспасөзінде басылып, аңыс қозғайтын кез келді. Соған қалам қосайық, әріптес!

Жас қазақ

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика