КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Біз дөйт дей береміз немесе қыртпыз. Бұл не деген сөз дерсіз. Өзім де мағынасын тым тереңнен түсіне бермеуші едім. Ешбір ресми басқосуда естімегенсіз, ешқандай бастық немесе билік өкілдері мінберге шығып мәселе қозғаған кезде айтылмайтын, тек қана қазақ ауылында қажет деген кезде қолдануға жарайтын “қыстырмаға, қыстырма” сөздер – бұл!

Бала кезімде ауылда өскендіктен ақсақал аталарымыздың көзін көріп, тәрбиесімен бой түзеген едік. Сонда жарықтықтардың айтатын әңгімесіне құлақ түрсең сөздік қорлары тым қомақты, ешқашан естімеген сөздермен де жарылқап тастаушы еді. Жалпы мән мағынасы мен қолдану аясы жарасып тұрса неге сөйлемеске деп ойлауыңыз мүмкін. Сондай әңгімелердің арасында, қиыннан қиыстырып “Өй, дөйт деші”, “Өй дөйт, шап қане!”, “Өңшең дөйттер! – деп көңілдеріне жаққан немесе жақпаған адамдарға қатысты қолданып отырған. Ал, қырт кім екенін, қыртымбайдың кім екенін бәріміз білеміз). “Қолынан келетін түгі жоқ, көпіршік сөз ғана!” – деген тіркестер де кетіп жатады.

Әдебиетке үңілсек Ғабит Мүсірепов: «… жол тосып жүрген жалқау-жампоз, қырт еркектер де бар екен» (Келмеске кеткен бір бейне) дейді, Абайша айтсақ: Несі жұрт, Несі өмір? Өңшең қырт, Бас қаңғырт! (Жалын мен оттан жаралып). Яғни бұл сонау замандардан бар сөз. “Елі үшін еңіреп туған ер” – деп атауға лайықты кейбір жастар «Көп сөз — бос сөз» деп мағынасын түсініп, оған лайықты түсінік беріп, саралап, сараптап бұдан әрі “Сөзден – іске!” ұранын тудырып, өз өмірлерінде қолданып жүргені белгілі.

Ал, қазіргі кезде осы аталған екі сөздің әртүрлі мағынадағы қолданыс аясын іздесеңіз қоғамның барлық саласына жүгінуге болады екен. Әңгіме айтылады, айтылған жерінде қалады. Мұғалімдердің меншікті сөздеріне айналып үлгерген “Оң құлақтан кіріп, сол құлақтан шығып кетпесін!”- деген ескерту түріндегі сөз тіркесін мектеп қабырғасында естімеген оқушы кемде кем. Естігенмен түсініп, одан ой түйген оқушылар аз болып жатады. Айтқанындай кірген құлақтың келесісінен ағып кететін ақыл кеңестер де аз емес. Ұрпақ өседі, орта буын болады, өз халқының жауапкершілігі мойындарына жүктелген орындықтарға отырады. Баяғы мұғалім айтқан тәлім-тәрбие мен адамгершіліктің жұрнағы да қалмай жатады. Орындалуға тиісті жұмыстар азайып, бос сөздер көбейеді. Баяғы “дөйт”, “қырт” деген сөздерге лайықты адамдар пайда бола бастайды. Өздерінің кім екенін естігісі келмегендіктен бұл сөздерді қағазға түсіріп, құжат түрінде жазғылары келмейтін шығар. Ол да мүмкін. Ой дөйт! - дей береміз, бірақ қырт екенімізді мойындағымыз келмейді.

serpin.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика