THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақстан ағылшын тілін нашар меңгерген елдердің қатарына енді
Авторы: MTDI
17/04/2017 14:00 0 4582 0
Қазақстан
ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша 63 елдің ішінен 54-орында тұр, деп
хабарлады EF Education First білім бағдарламаларының директоры Эмма Уолтон.
"Қазақстан
63 ел тізімінде 54-орында тұр, және осылайша, ағылшын тілін меңгерудің өте
төмен деңгейінде қалып отыр. Осыған қарамастан, Қазақстанда барлық топтағы жас
арасында ағылшын тілін орташа білу деңгейі барлық жастар тобына арналған орташа
өңірлік көрсеткіштерден төмендеу болып қалуда және ағылшын тілін әлсіз
меңгерген елдер сегментінде тұр", - деді Уолтон жұма күнгі баспасөз
мәслихатында.
Осы ретте ол
соңғы 7 жылда Қазақстандағы ағылшын тілін білу деңгейінің айтарлықтай
жақсарғанын атап өтті.
"Дегенмен,
ағылшын тілін білу деңгейі соңғы 7 жылда 11,23 баллға айтарлықтай жақсарды, бұл
дегеніміз Азия өңіріндегі басқа елдерден көп. Мұндай жақсарудың үлкен үлесі
18-34 жас тобына келеді. Қазақстанда әйел адамдар ерлерге қарағанда ағылшынша
жақсы сөйлеседі, және де жыныстық теңсіздік Азияның басқа бөліктеріне қарағанда
көбірек көрінеді", - деп атап өтті ол.
Уолтонның
айтуынша, зерттеуге 750 мың адам қатысқан. EF Education First ақпары бойынша,
халықтың үлкен жастыларының арасында ағылшын тілін шетел тілі ретінде
меңгерудің ең жоғары деңгейі – Данияда, сосын Нидерланды мен Швеция тұр,
Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс халқы ең нашар нәтиже көрсеткен. Өз кезегінде
Алматы жеке білім беру ұйымдар қауымдастығының президенті Шәмшия Қанаева
ағылшын тілін әлсіз меңгеру проблемасы мұғалімдерді даярлауда екенін атап
көрсетті.
"Кадр
барлығын айқындайды. Бүгінде біздің жұмыс жасауға тиіс нәрсеміз ол –
мұғалімдердің ағылшын тілін игеру деңгейін көтеру. Ол үшін арнайы бағдарлама
болуы тиіс, бұл шетел тілдер факультетінде дайындап, кейін ұмытып кететін оқытушылар
емес. Тіл ол – құрал, егер онымен сөйлеспесең, ол өз қасиет-қабілеттерін
жоғалтады", - дейді Қанаева.
Бұдан бөлек,
Қанаева ағылшын тілін үйрену бойынша сыныптан тыс клубтар мен ғаламтордан
телесабақтар ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, оның айтуынша, оқушыларды ағылшын
тілін үйрену үшін мемлекет пен жеке компаниялар есебінен шетелге жіберген жөн.
"Біздің
балаларды орташа санаттан бастап, тек ата-аналардың қаржысына ғана емес,
сонымен бірге мемлекеттің немесе қандай да бір компанияның қаражатына жүйелі
түрде алдыңғы 30-дықтағы ағылшын тілдес елдерге жіберіп тұру керек", - деп
ұсынды ол.
EF Education
First – тіл үйрену, оқыту және мәдени алмасым саласындағы халықаралық білім
ұйымы. 1965 жылы негізі қаланған EF миссиясы тілдік, мәдени және географиялық шекараларды
жою болып табылады. EF құрамына 50-ден астам елдердегі 500 білім орталығы
кіреді.
alashainasy.kz
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ