КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қадірлі әріптестер!

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы халыққа Жолдауын насихаттау мақсатымен2018 жылдың 16 наурыз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.С.Серғалиевтің 80 жылдығына орай «Серғалиев сабақтары-2018» аясында «Рухани жаңғыру және тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының өтетінін хабарлайды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

-  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтардағы халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және тіл білімінің міндеттері;

-  Рухани жаңғыру барысындағы тіл мен әдебиеттің орны;

-  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына филология ғылымының қызметі;

-  Дәстүрлі тіл білімінің жетістіктері және ХХІ ғасырдағы тіл білімінің жаңа парадигмалары;

-  Дәстүрлі әдебиеттанудың жетістіктері және ХХІ ғасырдағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.

Мақала 2018 жылдың 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге.

Есеп шоты: KZ556010002001248240 (халық банк),

Карточка 4390 8782 1267 6711.

ИИН 740503402050

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылады. Мақаланың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс және басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Мақала атауы ортаға қойылып, бас әріппен жазылады. Бір интервал қалдырып, оң жағына автор(лар)дың аты-жөні және қызмет орны, e-mail көрсетіледі.

Өтінім мен мақала жіберілген файлда қатысушының тегі көрсетіледі:

Сарекенова_мақала, Сарекенова_өтінім.

Конференцияға қатысу өтінімі

Қатысушының толық аты-жөні

 

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі

 

Жұмыс орнының/оқу орнының толық атауы

 

Қызметі

 

Телефон (үй, ұялы)

 

магистранттар / докторанттар үшін мамандығы, курсы

 

e-mail

 

Мекенжайы

 

 

Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:

E:mail:sergaliev_m@mail.ru

Астана қаласы, Қажымұқан, 11.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасы (ОЗҒ 201).

Жауапты оқытушы: Қ.Қ. Сарекенова 87013665075


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208298 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195016 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150741 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика