THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019
жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың
2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы
15 мамыр күні сағат 10.00-де (тіркелу 9.30) «Қазақ
әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы
ғылыми-практикалық конференцияға (бұдан
әрі – конференция) шақырады.
Конференцияның мақсаты: қазақ әліпбиін латын
қарпіне көшірудің өзекті мәселелерін
және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Конференцияға тіркелу тәртібі мен мерзімі:
Конференцияға қатысу үшін өтінім мен мақала 2018 жылдың 13
мамырына дейін мына электронды пошталар бойынша nazym_mtdi@mail.ru, zgulsamal@mail.ru. қабылданады. Қатысу туралы
өтінімде мынадай мәліметтер болуы керек:
1.Қатысушының аты-жөні;
2. Ғылыми дәрежесі;
3. Қызметі, жұмыс орны;
4. Мекенжайы;
5. Электронды поштасы;
6. Байланыс телефоны.
Мақала көлемі 4-5
бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы
қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме
жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде),
мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Мақаладағы грамматикалық т.б. қателерге
авторлар жауапты. Конференция жұмысына қатысу – тегін.
Конференция қатысушылары: Конференция
жұмысына қазақ
әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, танымал тілші ғалымдар, қазақ тілі оқытушылары, білім, ғылым
мекемелерінің мамандары, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар қатысады. Конференция
қатысушыларына арнайы сертификат беріледі. Іссапар шығыстары ұйымдастырушылар
тарапынан болады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78. Мемлекеттік
тілді дамыту институты. Байланыс телефондары:
8(727) 2938875. ұялы тел: 87074932828 Назым, 87085410215 Гүлсамал. Электронды
пошталар: nazym_mtdi@mail.ru,
zgulsamal@mail.ru.
Конференция өтетін мекенжай: Алматы
қаласы, Алматы қаласы әкімдігі (Республика алаңы, 4,), 6-қабат, № 1 мәжіліс залы.
Ұйымдастыру комитеті
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ