КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Ана тілім – ән-жырым» қалалық байқауы өтті 

Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күніне орай ән салу, терме айту, көркемсөз оқу шеберлігін игерген 18 жастан асқан азаматтар арасында «Ана тілім – ән-жырым» атты қалалық конкурсы өтті. Конкурс ән, терме, көркемсөз жанрындағы «Сұлу сазды әсем ән», «Толғауы терең жыр-терме», «Мағыналы ойлы көркемсөз» атты үш номинация бойынша өткізілді. Қатысушылар Отан, туған жер, қазақ елі, ана тілі, ұлттық рух, Тәуелсіздік, татулық пен ынтымақтастық тақырыбындағы шығармаларды орындады.

«Сұлу сазды әсем ән» номинацияция бойынша Бостандық ауданының қатысушысы Нысанбай Бағдат Бас жүлдеге ие болды. І орынды Жетісу ауданынан Тәліпханова Рая Тоқайқызы, ІІ орынды Алатау ауданының қатысушысы Қалиев Қажымұқан Бақбергенұлы, ІІІ орынды Наурызбай ауданынан Жұмабаева Аружан Арманқызы иеленді. «Толғауы терең жыр-терме» номинациясы бойынша Бас жүлдені Алатау ауданының қатысушысы Ақбаева Нұршат Бақытбекқызы алды. І орын Наурызбай ауданының қатысушысы Ексілов Рауан Әленұлына, ІІ орын Түрксіб ауданының қатысушысы Жәмәли Айбын Әдбімұхаметұлына, ІІІ орын Әуезов ауданынан келген Жұмағұлов Ғибрат Қорғанбекұлына бұйырды. «Мағыналы ойлы көркемсөз» номинациясы бойынша Бас жүлдеге Медеу ауданының қатысушысы Орқамбаева Сағыныш ие болды. І, ІІ, ІІІ орындарды Түрксіб ауданынан Зарипов Бейбарыс Бердібекұлы, Әуезов ауданынан Тұрғанбеков Ермек Ерікұлы, Алатау ауданынан Сағынаев Нұрлан Қайырбекұлы бөлісіп алды.

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 325 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 601 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45300 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42804 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика