КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен 2021 жылдың

25 маусым күні сағат 15:00-де филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің «Сингармология или неизвестный сингармонизм» атты зерттеу еңбегінің таныстырылымына арналған онлайн форматтағы дөңгелек үстел  өтеді.

Ғылыми аппаратымен (фонемалар мен аллофондар) ерекшеленетін фонология жаңсақ түсініктің арқасында барлық әлем тілдерінің дыбыстық жүйесін талдаудың әмбебап әдісі саналып келді. Зерттеу еңбегі жаһандық еуроцентризмнің құрсауында жатып, фонетика саласында бұрын соңды көтерілмеген, өзгеше жаңа тұжырымдарды көпшілікке таныстырады. Тілдер туыстық және типтік ерекшеліктеріне қарай топтасауын негізге ала отырып, автор морфологиясы бөлек (флективті, агглютинативті) тілдердің фонетикасына келгенде бірдей жүйеленуі қисынға келмейтіндігін, типі бөлек тілдердің дыбыс жүйесінде де айырмашылықтар болуы керектігін дәлелдейді.

Түркі тілдері еуроцентризмнен арылып, түркіцентризмге бет бұруы тиіс. Сингармология – қазақ тілінің (түркі тілдерінің) дыбыстық құрамы мен дыбыстардың қызметін зерттейтін түркологияның саласы. Осылайша қазақ тілінің заманауи теоретикалық фонетикасы еуроцентризм түпкілікті шешпеген қазақ (түркі) тілінің фонетика мәселелерінің түйінін түйіндеп, сингармологиялық талдау арқылы фонетиканың толық бейнесін жасауға қол жеткізе алады.

Әлемнің түркітанушы ғалымдарына кітаптың орыс тіліндегі нұсқасын және ағылшын, түрік тілдеріндегі аннотациясын тарату жұмыстары бұған дейін жүргізілді. Дөңгелек  үстел  еңбектің ғылыми жаңалығын талқылап,  жан-жақты негіздеу мақсатында өткізілмек.

Ендеше, тек қазақ тіл біліміне ғана емес, жалпы тіл біліміне маңызды бетбұрыстар әкелетін, мүлде өзгеше форматтағы зерттеудің жаңалығын ұлықтаудан қапы қалмайық!

Жиынға барлық түркі елдерінің мамандары Ноғай, Батыс Сібір, Еуропа, Азия елдерінің көрнекті түрколог ғалымдары, Халықаралық қазақ тілі қоғамының өңірлердегі мүшелері және шетелдегі өкілдері, әлеуметтік медиа және БАҚ өкілдері қатысады.

 

Дөңгелек үстел ZOOM-да онлайн форматта өтеді (сілтеме қосымша жіберіледі)

Өтетін уақыты: 2021 жылы 25 маусым, сағ. 15:00

 

Байланыс телефондары: +7 727 272 24 19

                                               +7 775 668 18 53 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 363 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 727 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика