КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері»

тақырыбындағы семинар-кеңестің

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

акт залы

(Гоголь көшесі, 114).

              Өтетін уақыты:2019  жылғы 18  қыркүйек, сағат 10.00

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес (бұдан әрі – Семинар-кеңес) өткізеді.

Семинар-кеңестің мақсаты мен міндеті: жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелерін ғылыми аудиторияда, көпшілік жиында талқылау, олардың шешу жолдарын қарастыру және ұсыну, тақырыпқа қатысты ғылыми жұмыстардың нәтижесімен танысу. Жаңа латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселелеріне тарихи шолу жасап,  ғылыми тұрғыда талдау жасау және латын әліпбиін енгізудің тиімді шешу жолдарын қарастыру, кәсіби білікті мамандардың пікірлерін топтастыру, ғылыми-зерттеу мекемелері мен орталықтарының ғылыми жұмыстарын мемлекеттік тіл саясатымен өзара сабақтастыру.

 Семинар-кеңеске қатысушылар: қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның және оның жұмыс топтарының мүшелері, танымал тілші ғалымдар, қазақ тілі оқытушылары, жас ғалым докторанттар мен магистранттар, мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты мамандары, Үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері және т.б. шақырылады.

Қатысушыларға мемлекеттік тіл саясатына, тілдерді оқытуға байланысты материалдар таратылады және белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. 

Байланыс телефондары: Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы – 2631527, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігі – 7017670006, 7028635863.

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 426 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 759 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46163 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 43860 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика