THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 23 қараша күні Алматы қаласы, Алматы Құрылыс техникалық колледжі ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның этнос өкілдері арасында «Абай оқулары» атты қалалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсат-міндеттері: қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 18-28 жас аралығындағы Қазақстанның этнос өкілдері қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
- «Өлең сөздің патшасы…». Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу.
- «Қазақта қарасөзге дес бермедім…». «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау.
- «Құлақтан кіріп, бойды алар…». Абайдың әнін орындау. (1 ән).
Қазылар алқасының шешімімен конкурс жеңімпаздары анықталды:
Бас жүлде – Волох Алина Дмитриевна (Әуезов ауданы)
І орын – Сайдиганиева Муниса Эминжоновна (Түркісіб ауданы)
ІІ орын – Бакулина Ульяна Владимировна (Бостандық ауданы)
ІІІ орын – Тохтаржанова Тахмина Юсупжанова (Алмалы ауданы)
Байқауға белсенді қатысып, ерекше өнер көрсеткендері үшін Ирискулова Насиба Турарқызы (Түрксіб ауданы), Искандарова Сейран Рашидқызы (Әуезов ауданы), Котвицкая Анастасия Игорьевна (Алатау ауданы), Абдуллаев Фарух Ялкунжанович (Әуезов ауданы) номинациялармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
ПІКІР АЛМАСУ
22/04/2024 12:18
МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
18/03/2024 14:07
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРГЕ ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУІНЕ ТАЛДАУ
|
ТЕКСТ