КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері»  атты әдістемелік семинардың

БАСПАСӨЗ  ПАРАҒЫ

 

2019 жылғы 30 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» әдістемелік семинарын өткізеді.

 

         Әдістемелік семинардың өзектілігі Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың  2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  салалық терминдерді біріздендіру және ұлттық терминқорымызды жетілдіру қажеттілігіне негізделген.

         Әдістемелік семинардың мақсаты – салалық терминологияны қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту тұрғысында қарастыру  және жаңа қазақ әліпбиі негізінде терминдерді дұрыс таңбалау мәселесін шешу.

Аталған әдістемелік семинарда салалық терминологияны жаңа кезеңге сәйкес жандандыру, терминдерді жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу және терминдерді қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру мәселелері қозғалады.

Семинардың баяндамашылары заманауи терминдердің нақты салалардағы қалыптасу процесін, терминдерді жүйелеу барысын талқылап, аударма саласындағы баламалы терминдерді беруде кездесетін кей мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді.

          Іс-шараға жетекші ғалымдар, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысады.

 

Өтетін орны мен уақыты: 30 мамыр 2019 жыл, сағ. 10.00

Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залы.

 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-01-35, 8 (7172) 27-30-42

8-707-337-94-94; 8-775-541-09-89


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 299 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 582 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45282 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42781 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика