THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Елтаным» байқауы аясындағы имамдардың біліктілігін жоғарлатуға бағытталған оқыту семинары
Авторы: MTDI
19/08/2019 14:06 0 5744 0
Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Үш байлық» қоғамдық
бірлестігі 2019 жылдың 20 тамызынан бастап имамдардың біліктілігін жоғарлатуға бағытталған
оқыту семинарын өткізетіндігін хабарлайды.
Семинардың негізгі мақсаты: қазақтың
салт-дәстүрін білуі бойынша имамдар мен дін қызметкерлерінің білімін жоғарылату
және ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектерін халық арасында
насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды
дәріптеу.
Имамдардың біліктілігін жоғарылатуға бағытталған 4 күндік оқыту семинарында
Қазақстанның белгілі ғалымдары лекциялар оқитын болады.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Жалпыгуманитарлық пәндер
кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хатран Досымбектың лекциясы
2019 жылғы 20-шы және 27-ші тамыз
күндері сағат 10.00 де Алматы қаласының орталық мешітінде өтеді.
Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, философ Кеңшілік Тышханұлының семинары
2019 жылғы 22 тамыз күні сағат 10.00 да Алматы қаласының орталық мешітінде өтетін
болады.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, дінтанушы
Керім Шамшәдин Тұрсынұлының лекциясы 2019 жылдың тамыз айының 29 күні сағат
10:00 де «Нұр-Мүбарак» Египет ислам
мәдениеті университетінде өтеді.
Байланыс телефондары: 8 (727) 293 88 75,
8 (707) 493 28 28
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ