КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Өтетін күні:14.02.2020

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 14 ақпанда еліміздің барлық аймағында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасы бойынша ашық талқылау шарасы өтеді.

Шараның мақсаты – орфографиялық жұмыс тобы  әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған әліпби жобаларын талқылау.

Республикалық көлемде барлық өңірлерде өтетін ашық талқылау жергілікті Тіл басқармалары арқылы ұйымдастырылып, оған филолог ғалымдармен әдіскерлер, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары қатысады.

Талқылау барысында ұсынылған қорытындылар мен ұсыныс, пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінде жинақталып, оған мониторинг жүргізіледі.

Мониторинг қорытындылары Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Терминологиялық, Әдістемелік, Сараптама және  Техникалық сүйемелдеу топтарының бірлескен кеңесіне ұсынылып, талқыланады.

Жұмыс тобының ғалымдары ұсынылған әліпби жобаларын талқылап, ғылыми негіздемемен қорытынды шығаратын болады.

 

 

Байланыс телефондары: 55 -67- 26, 55- 67 -27, 55- 67-28

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз