КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» КЕАҚ бастамасымен Лұғат» қоғамдық қоры «ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша және  әлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізу» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының  үкіметтік емес ұйымдар арасында  2020 жылдың 30 маусымы сағат 15:00-те қашықтан оқыту семинарын өткізбекші.

Семинар бағдарламасын құрастырушылар ф.ғ.к Б. Қапалбек, ф.ғ.к Қ. Дүсіпбаева, Іскерлік әкімшілдік магистрі Ш. Айтмағанбетова заманауи талаптарды ескере отырып, қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік – құқықтық құжаттарды, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданатын әдіс-тәсілдерін (технологияларын) жетілдіру мақсатында 5 сағаттық сабақ жоспарын құрды. Онда мынандай мәселелер қамтылады: үкіметтік емес ұйымда өкілдері үшін ғылыми мәтіндерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту,  мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату.  Семинар сонында сауалнама тест алынып, тыңдаушыларға сертификат тапсырылады. Тыңдаушылар семинар соңында уатсапп желісі арқылы өздерін толғандарған сұрақтарға жауап ала алады.

Оған білікті мамандар: КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы, филология ғылымдарының кандидаты, тренер Дүсіпбаева Қарлығаш Советханқызы, «Лұғат» қоғамдық қорының басшысы Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы жауап береді.

Шара осы уақытқа дейін еліміздің 3 өңірінде жүргізілді. Оған 168 тыңдаушы қатысты. Мемлекеттік тілді дамыту мақсатына ұйымдастырылып жатқан бұл шараның қатысушыларға тиер пайдасы өте мол.      #qogamgov, #cisc2020


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз