КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан РеспубликасыАқпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «Лұғат» қоғамдық қоры қазан айының ішінде   Алматы қаласы бойынша кезекті  семинар өткізетін болады. Семинар  білікті жаттықтырушыларды тарта отырып, ҮЕҰ өкілдері үшін  конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша мекеме мамандарын оқытуды көздейді. Семинардың басты мақсаты  - Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамытужәне ҮЕҰ қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру. Әлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізетін аудандардағы орталықтар мен мекеме қызметкерлері үшін бұл  семинардың берері мол. Қазіргі уақытта семинарға толықтай дайындық жұмыстары жүргізіліп,  8сағаттық білікті арттыру курсының бағдарламасы дайындалды. Семинар сабақтары 50 адамға жоспарланып, қызығушылық танытқан азаматтарға қоғамдық қор қызметкерлері  тарапынан тегін кеңес берілуде.  Семинарды   филология саласында қызмет атқарып келе жатқан өз ісінің білікті мамандары жүргізетін болады. Семинар тек қазақ тілді аудиторияны қамтиды. Жас мөлшері мен сала мамандарына шектеу жоқ. Қызығушылық танытқан барлық азаматтардың  алдын ала тізімге жазылуына рұқсат. Бағдарлама барысында   іс – қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге арналған  әдістемелік құрал   таратып берілетін болады. Курс басталғанда және аяқталғанда қатысушылардан тест алынады. Бұл курстан  нәтиже шығару мақсатында ұйымдастырылған бөлім. Сонымен қатар тестті тек тексеріп қана қоймай тестті мамандармен және аудиториямен талдауға да уақыт беріледі. Семинар соңында барлық қатысушыларға  осы лекцияны тыңдап, дайындық курсынан өткендігін растайтын арнайы сертификаттар тапсырылады.

Келіңіздер, Қатысыңыздар! Мемлекеттік тілде іс – қағаздар  жүргізуді бірге үйренейік!   


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 468 0







01/02/2024 16:08

ЛАТЫН ЖАЙЫ
0 617 0















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 44831 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42330 3


ТЕКСТ