КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2009 жылы іргетасы қаланған Мемлекеттік тілді дамыту институты мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту жолында мынандай қызметтер атқарады:

-          Орыс және өзге тілдерден қазақ тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге аудармалар жасау;

-          Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің нормасына сай құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден өткізу;

-          Лингвистикалық кеңестер беру;

-           Жеке адамдарға, мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрететін деңгейге бөлінген топпен және жекелей оқытатын курстар ұйымдастыру;

-           Тіл үйрететін, қазақша іс жүргізетін, аудармамен айналысатын мамандарға арнап біліктілігін арттыру курстарын жүргізеді;

-          Тіл біліміне қатысты ғылыми зерттеулермен айналысу;

-          Тіл білімінің барлық салаларына қатысты іргелі зерттеулер жүргізу;

Мемлекеттік тілді дамыту институтында жыл сайын түрлі жоғары оқу орындарынан филология факультетінің студенттері мен докторанттары іс-тәжірибеден өтсе, магистранттар тағылымдамадан өтеді. 2024 жылдың 25-наурыздан бастап сәуірдің 8-не дейін Филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы  Қазақ тіл білімі кафедрасының «Қазақ филологиясы», «Қолданбалы қазақ тіл білімі», «Қазақ филологиясы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» (тіл бағыты) мамандықтарында оқитын 2-курс магистранттары, 8-19 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранттары тағылымдамадан өтсе, 22-қаңтар мен 25-ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультет, «Қазақ филологиясы»  мамандығының 2 курс докторанттары, 16-қаңтардан бастап 10-мамырға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультеті, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 4 курс студенттері іс-тәжірибеден өтуде.

Тағылымдама мен іс-тәжірибеден өту барысында студенттерге төмендегідей тапсырмалар берілді:

-  «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» (Б. Қалиұлы, Б. Қапалбек) атты монографияға сыни-публицистикалық мақала жазу;

- «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісі» (О. Жұбай, А. Салқынбай, Б. Қапалбек) атты монографияға сыни-публицистикалық мақала жазу;

- Жұмсалымды грамматиканың қазақ тіл білімінде даму (видео-сабақтар бойынша) ғылыми мақала жазу;

- Мектептегі жаңартылған білім беру бағдарламасы: артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мақала жазу;

- Шетелде (Жапония, Амерка, Оңтүстік Жапония, Түркия, Финляндия, Сингапур)  бастауыш білім қалай беріледі?! тақырыбында сыни- публицистикалық мақала жазу;

- Портал бойынша ресурстар (А1, А2, В1, В2, С1);

-  Диссертация тақырыбы бойынша 5 бет ғылыми мақала жазу;

- Институттың тіл үйрету порталын ресурспен толтыру (тапсырма жасау);

-  Порталды ресурспен толтыру (видеоматериал дайындау);

-  Оқыған тілі бойынша бастауыш мектептің жүйесі, созылу мерзімі, оқылатын пәндері, қолданылатын бағдарлама және олардың сипаты туралы мақала жазу;

-  «Академиялық жазылым» онлайн семинарына қатысу;

- «Тіл полициясы» бөліміне мақала жазу (қателермен жұмыс), институтта орындалып жатқан фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру жобасы бойынша бір дастанды алып сюжет жазу, комикс жасау;

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз












05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 2606 0






















ТЕКСТ

Яндекс.Метрика