THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы
қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік тапсырысымен «Мемлекеттік
тілді дамыту институты» ЖШС «Сәбилерді сөйлетейік» атты
балалардың тілін дамытуға арналған бейнероликтер байқауын
өткізеді.
Мақсаты
мен міндеттері. Әлеуметтік
желілерде балаларға арналған қазақ тіліндегі видеоконтенттің саны мен сапасын арттыру
және арнайы түсірілген бейнероликтер арқылы 3-6 жастағы балалардың қазақша еркін
сөйлеуін дамыту.
Қатысушылар.
Еліміздің барлық өңірінің кез-келген жастағы тұрғыны
(әке-шеше, ата-әже, аға-әпке, тәрбиеші
және т.б.) қатыса алады.
Тақырыбы
мен мазмұны. Балаларға сандардың, заттардың (азық-түлік, жеміс-жидек, ыдыс-аяқ, киім-кешек, үй жиһазы және т.б.
тұрмыстық заттардың), дене мүшелерінің, отбасы мүшелерінің, түстердің, үй
жануарларының, аңдардың, құстардың, қимыл-әрекеттердің, жыл мезгілдерінің, ауа
райының, мамандық иелерінің және т.б. атауларын атап,
ажырата және салыстыра білуді үйрету.
Талаптары
мен шарттары:
1) жоғарыда
берілген тақырыптардың ең кемі біреуі бойынша ұзақтығы 3 минуттан аспайтын
бейнеролик түсіру;
2) бейнероликті
#сәбилердісөйлетейік
хэштегімен өзінің Instagram, TikTok, Facebook парақшаларында
немесе YouTube сервисіндегі «Shorts» функциясына жүктеу. Бейнеролик
салынған әлеуметтік парақшалар ашық болуы тиіс;
3) бейнероликті
жүктеу барысында міндетті түрде Алматы
қаласы әкімі аппараты
тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің (Instagram: «almaty_til», Facebook: «Almaty Til») және «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС (Instagram: «@_mtdi_», TikTok: «@mtdi.kz», Facebook: «Мемлекеттік тілді дамыту институты», YouTube: «@mtdivideo») ресми парақшаларына жазылу және бейнероликке көрсетілген аккаунттарды белгілеу;
4) жүктелген
бейнеролик 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін көп қаралым, лүпіл және
пікір жинауы тиіс.
Қорытынды. Байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес
Instagram, TikTok, Facebook әлеуметтік желілерінің
және YouTube сервисінің әрқайсысы бойынша жеке-жеке
үздік шыққан бейнероликтер іріктеледі.
Марапаттау. Үздік деп танылған бейнеролик авторлары Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хатымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады. Марапаттау рәсімі 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін өтеді.
Байланыс
телефондары: 7079040068,
7759083633,
7077810231, 7012789878.