КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпараттық хат

Авторы: MTDI

29/08/2018 16:01   0   5932   0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ғылым комитеті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

2018 жылдың 5 қыркүйегінде Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40, «Ғылым ордасының» Қысқы бағында «Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану және ономастика» атты Қазақстан халқының тілдері күніне және Ахмет  Байтұрсынұлының туған күніне орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты – ұлтымыздың басты рухани құндылығы –  қазақ тілін, латын графикасына негізделген жаңа қазақ жазуын реформалау жолындағы мамандардың тың ізденістерін, пайымдауларын, ұстанымдарын насихаттау. Қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғұлама ғалым, ұлт ұстазы, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми тұжырымдарын қазіргі тілдік реформамен ұштастыра талдау.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

- Латын графикасына негіделген қазақ жазуын және емле ережелерін жетілдіру;

- Қазіргі қазақ тілі: фонетика-фонология мәселелері;

- Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері: терминтаным, терминжасам, терминография;

- Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттары;

- Түркітану, тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы тіл білімінің мәселелері;

- Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері;

- Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері т.б.

Ұйымдастыру алқасы мақұлдаған конференция материалдары жинақ түрінде ақысыз жарияланады. 

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-10 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, ағылшынша, орыс және басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:

050100, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Құрманғазы көшесі 29, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Жауапты қабылдаушы: Балжан Ешметова

Телефон: 8707 046 47 70, 8 (727) 2-72-69-61

Эл.пошта: eshmetova.balzhan@gmail.com


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 342 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 603 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45300 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42808 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика