КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өтетін орны: Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы

Өтетін уақыты: 2018 жылы 7 қыркүйек күні сағат 15.00

 

Алматы қаласы Тілдерді дамыту  басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі – терме» қалалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсат-міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты қолдау, «жыр-терме» ұлттық жанрын жастардың арасында кеңінен насихаттау, ұлттық жанрды жаңғырту және дамыту, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту, халық арасында ұлттық мұрамызға және  рухани құндылықтарымызға деген қызығушылықты арттыру.

Байқаудың шарттары. Байқауға қатысушы үміткерлерге келесі тақырыптық бағыттар ұсынылады:

          - Ел бірлігі мен қазақ жеріндегі халықтар достастығы туралы;

         - Қазақстан халқын топтастырудағы тілдің маңызды рөлі туралы;

          - Қазақ халқының тілі, дәстүрі, рухани құндылықтары туралы;

         - Дәстүрлі өнер туралы.

Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың терме орындаушылық шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылады.

Байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады және бас жүлдені иеленген қатысушы Алматы қаласының атынан   республикалық «Текті сөздің төресі – терме»  конкурсына  қатысады.

    Байланыс телефондары: 2631527

 

 

 

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 565 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 819 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48396 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46339 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44100 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика