КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Заман ағымына байланысты білім берудің, оқытудың жаңа мақсаттары мен мүдделері дамытылуда, осыған орай елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды.

Қазіргі таңда қазақ тілі - мемлекеттік  тіл. Әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру  бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыра ала ма?

Еліміздің   әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Қазақ тілі пәні бойынша елеулі еңбек етіп қазақ тілін өзге аудиторияда оқытуға арналған бірқатар оқу құралдар әзірлеп, жарыққа шығарған ғалым ағамыз, филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт Қапалбектің осы бағдарлама аясында өзіндік ескертпелері мен ұсыныстары бар.

Ғалымның пікірінше, білім берудің екі қыры болады: біріншісі˗нені оқыту, екіншісі˗қалай оқыту. Нені оқытуға білім мазмұны (базалық білім) жатады. Ал қалай оқыту дегеніміз ˗ әдістеме. Онда әлгі орта мектепке арналып өлшеніп берілген базалық білімді бүгінгі инновациялық технологиялар мен жаңаша әдіс˗тәсілдерді қолданып оқушыға қалай тиімді жеткізу мәселесі қаралады? Иә, бүгін бізге заман талабына сай тақта мен бордан, қағаз бен қаламнан артық жаңаша оқыту құралдары келген шығар. Әдістер жаңарып, тәсілдер жетілген шығар. Бірақ, базалық білімді жүйесіз, ретсіз жұлым˗жұлым етіп, ұсынуға осы жаңартылған бағдарламаны жасаушыларға кім рұқсат берді екен деп таңмын,- дейді ғалым.  Негізсіз, уақытша нәрселер жасауға әуес мамандар атарбаның алдына түсіп алып жүгіргенді қашан қояр екен... Олар бағдарлама жасауда өздері білмесе Тіл білімі мен әдебиеттанудың сала-саласын арнайы зерттеп жүрген мамандарға неге сүйенбеген?

 Сонымен қатар, бағдарлама бойынша болашақта тіл мен әдебиетті кіріктіріп бір пән ретінде оқыту мақсаты көзделгендігін байқасақ болады. Зияткерлік мектептердің білім беру нормативтерінде солай көрсетілген. Жалпы білім беретін орыс мектептерінде де бұрын бөлек-бөлек пән болған қазақ тілі мен әдебиеті қазір біріктіріліп бір пән ретінде оқытылады. Бұл бірте˗бірте қазақ мектептеріне де келе жатыр ма ˗ деген қорқыныш бар. Өйткені тіл білімі мен әдебиеттануға тиісті базалық білімнің шектеліп, жүйесіз берілуі және оқу кезінде базалық білім беру негізгі мақсат емес жанама мақсат ретінде берілуі бұл пәнді ғылыми пәндер қатарынан ығыстыру үшін жасалып отырғандай көрінеді.

Осы орайда нені оқыту және қалай оқыту мәселесіне ұлттық тұрғыдан келіп білім алушылардың қазақ тіліне жанашыр тұлға ретінде қалыптасуына күш салуымыз керек.

Білім алушы тұлғаны дамыту маңызды мәселе екендігін ескере келе, жаңартылған бағдарлама бойынша жазылып жатқан оқулықтардың білім мазмұнын, алдымен бағдарламаның өзін сол саланы зерттеумен айналысатын ғылыми˗зерттеу институттарының мамандарына сараптамаға беріп, олар мақұлдағаннан кейін барып қана оқулық жазуға кірісу керек. Осы бағдарламаны ұсынушылар қалай оқытудың технологиясын шетелден экспорттап әкелсін˗ақ, бірақ нені оқытуды өзіміздің мамандарға шешуді қалдырса болашағымыз үшін ұтымды болар еді...


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 905 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2104 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2846 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2619 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика