КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Бүгінгі сұхбат иесі – Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Хамит Нұрланұлы Омаров.

 

Сұхбат беруші жайында

Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы – Хамит Нұрланұлы Омаров. Қарағанды облысы Балқаш қаласында 1953 жылдың 26 наурызында дүниеге келген. Жоғары білім иесі.

1978 жылы С.Киров Қазақ атындағы мемлекеттік университетін бітірген.

1994-2007 жж. Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы.

2007-2010 жж. Жаңаарқа ауданының әкімі.

2010 жылдың тамыз айынан – Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы. 

(деректер http://krgtil.kz/kaz/birinshi_basshilardin_omirbayani/ сілтемесінен алынды)

1. Мемлекеттік тілді дамытуға орталық бюджеттен Тіл комитеті арқылы және жергілікті бюджеттен Тіл басқармалары арқылы миллиондаған қаржы бөлінеді. Солар қайда жұмсалып жатыр? Нәтижесі қоғамда неге көрінбейді.

Расымен де қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамытуға бөлінетін қаржы жыл сайын артып келеді. Біз мұны мемлекетіміздің тілдің дамуына деген оң көзқарасы деп білеміз. Мысалға келтірер болсақ, Қарағанды облысы бойынша 2012 жылға мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту шараларына облыстық бюджеттен 46 миллион 498 мың теңге қарастырылған. Дегенмен де, өңіріміздегі мемлекеттік тіл төңірегіндегі барлық мәселені толықтай шешуге аталған қаржы жетеді деп те айта алмаймыз. Себебі, Қарағанды облысы өздеріңізге мәлім жартысынан астамы өзге ұлт өкілдері мекендеген аймақ. Сонымен қатар мемлекеттік тілімізді меңгермеген қандастарымыз да қаншама. Жоғарыдағы көрсетілген қаржының көп бөлігі осы азаматтарға тілді оқытуға жұмсалады. Аймақтық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер секілді тілімізді қолдану аясын кеңейте түсуге ықпал ету ісшараларына да бөлінетін қаржы аз емес. Жергілікті БАҚ-да мемлекеттік тілімізді насихаттау шараларына да қаржы қарастырылған. Айтқанымызбен, бұл бөлінген қаржы нәтижесі қоғамдық көзқараста көрінбей жатуы да заңдылық. Себебі жоғарыда айтып өткен 46 миллион теңге қазіргі нарық заманы құндылығымен есептегенде бір ғимарат тұрғызуға да жетпейтіні белгілі. Сондықтан тілімізді дамытуға бөлініп жатқан қаржы әлі де көбейе түссе, құба құп, нұр үстіне нұр болар еді.

Дегенмен, әр нәрсенің екінші жағы бар. Біз материалдық жағдаймен қамтамасыз ете отырып рухани құндылығымыздың еңсесін тіктеп әкете аламыз деу күмәнді. Сондықтан халқымыз мемлекеттік тілдің дамуын бір-екі мекеме мен ондағы бөлініп жатқан қаржыларға байланыстырмай, өз тараптарынан да қолдау көрсетіп жатса, жемісі неғұрлым көрнекті болар еді.

2. Осыдан жиырма жыл бұрын жасалған мемлекеттік тілді дамытудың құқықтық базасы ескірді. Өйткені, қазір қоғамда ол заңдарды қабылдаған кездегіден демографиялық жағдай өзгерді, экономикалық-әлеуметтік жағдай да басқа. Осыған байланысты тіл туралы жаңа заңның қабылдануына не кедергі?

Иә, қазіргі таңда еліміз бойынша қандастарымыздың үлесі 60 пайыздан асып отыр. Егерде белгілі бір мемлекет құраушы ұлт сол елде тұрып жатқан халықтардың 60 пайызынан асса, негізгі басымдық сол ұлттың тіліне беріледі. Бұл дегеніміз қазіргі қоғамымызда ең өзекті мәселеге жол ашып отырған қазақ тілінің нақты үстем құратын уақыты жетті деген пікір. Дегенмен, біз бұл тарапта еліміздің географиялық ерекшелігін ескеруіміз қажет. Жеріміз ұлан -байтақ. Әр өңірімізде әртүрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен. Бір жерімізде қандастарымыз көп тұрса, кей жерімізде, керісінше, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Мысалы, Қарағанды облысында қазақтардың үлесі 50 пайызға жетпейді. Сондықтан да Қарағанды облысы секілді өзге ұлт өкілдері басым аймақтарда олардың да пікірімен санаспау дұрыс емес. Себебі өзге ұлт өкілдері де еліміздің толыққанды азаматтары. Олардың дәстүрін, тілін, дінін сыйлап, шектеу жасамау демократиялы елдігіміздің басты белгісі. Мемлекеттік тіліміз дамып жатыр. Ерте ме, кеш пе қазақ тіліне үстемдік беріледі. Ал қазір одан да маңызды мәселе бар. Ол тыныштық. Сондықтан да жалған ұранға салына бермей, тыныштығымызды бұзбауға тырысуымыз қажет.

3. Мемлекеттік тілді дамыту үшін құрылған ресми мекемелердің арасында (Тіл комитеті, Облыстық тіл басқармасы, Тіл білімі институты және т.б.) неге байланыс, ортақ бағдарлама, стратегиялық жоспарлар жоқ? Олардың жұмысын кім үйлестіруі тиіс?

Кейінгі жылдары әр облыс, әр аудан өзінің «Аумақтың даму жоспарын» жасап, алдына нақты мақсат-міндеттер қойған. Онда барлық салалармен қатар мемлекеттік тілді дамытудың нақты тетіктері мен көрсеткіштері айқындалған. Бұл жоспарды Сіз айтып өткен мекемелер міндетті түрде басшылыққа алып жұмыс жасауда. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық ұйымдар мен мекемелер өзара байланыста, бір жүйеде жұмыс жасауда.

4. Мемлекеттік тіл мемлекет тарапынан құқықтық, қаржылық және насихаттау жағынан нақты қолдауға ие болуы керек. Тіліміздің тұғырға қонуына не кедергі, аталған үш тетіктің қайсысы толық нәтиже бермей отыр? Жалпы бізде жоспарланған тіл саясаты бар ма, оның орындалу механизмдері жолға қойылған ба?

Мемлекеттік тілімізді дамыту барысында құқықтық базамызды жетілдіру жұмыстары жыл сайын қолға алынып келеді. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту шаралары ҚР Конституциясын, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және басқа да заң актілерін, Президенттің, Үкіметтің тіл саясаты мәселелері бойынша құқықтық актілерін басшылыққа алады. Тіл мәселесі өте нәзік мәселе. Оған дұрыстап қарамаса, мәселені бақылаудан шығарып алу оңай. Әсіресе өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған біздің облыс секілді аймақта. Сол себептен, тіл бағытында үлкен саясат қажет. Ол саясат Елбасымыздың бағытымен жүргізіліп келеді де. Кейінгі жылдары мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мен оны дамытудың кешенді бағдарламалары қолға алынуда. Мысалы, мемлекеттік тілімізді дамыту мен қолданудың алғашқы бағдарламасы 2001-2010 жылдар аралығын қамтыса, келесі кезеңі 2011-2020 жылдар аралығы. Бұл бағдарлама аясында тілімізді дамытудың барлық шаралары мен тіл саясатын жүзеге асырудың басты механизмдері қарастырылған. Бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік тілге басымдық беру. Нақтырақ айтсақ, тіл саясатының көздеген негізгі көрсеткіші - 2020 жылы ел тұрғындарының 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 315 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 585 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика