КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен «Ертіс» футбол клубы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Меморандумға қол қою рәсіміне С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев пен «Ертіс» футбол клубының директоры Игорь Елащук, команданың басты ойыншылары Эвандро Ронкато, Фернандер Кассай, Карлос Фонсека, Алассане Ндиайе, Томас Жирсак қатысты.

Келісім негізінде «Ертіс» футболшыларының С.Торайғыров атындағы ПМУ бакалавриат, магистратура және доктоантура бағдарламалары бойынша білім алуларына және шетелдік футболшылардың қазақ тілі мен орыс тілін меңгерулеріне жол ашылады.

Сонымен қатар, «Ертіс» футболшылары С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен білім алушыларына арнайы шеберлік сыныптар өткізіп тұрады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры өз сөзінде спортшылардың университетте білім алуына барынша қолдау жасалатынын мәлім етті. «Бұл келісім студенттер үшін тиімді. Футболшылардың университет қабырғасында білім алуы, шеберлік сынып өткізуі студенттердің футболға қызығушылығын арттыра түсетіні анық», дейді университет басшысы.

«Ертіс» футбол клубының директоры Игорь Елащук бұл өзара ынтымақтастық құжаттың спорттың дамуына жасалған жаңа қадам екенін атап өтті. «Біздің футболшылар өз ісінің шебері ғана емес, жан-жақты білімді болғаны дұрыс. Ал шетелден келген футболшылар біздің еліміздің тарихын, мәдениетін және тілін білуге құштар», дейді И.Елащук.

Кездесуге жиналған студенттер өздерінің сүйікті спортшыларына сауалдар қойып, клуб мүшелері туралы ақпарат алуға мүмікіндік алды.

BNews.kz 

 Айқын

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 352 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 608 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45320 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42828 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика