КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Қолданбалы лексикография: қазақ топонимдерінің этимологиялық сөздігін түзу және оны цифрландыру» және «Посткеңестік елдердегі лингвистикалық тәуелсіздік және ондағы тілдік отарсыздандыру тәжірибелерін Қазақстанның тіл саясатына қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері» жобалар гранттық негізде зерттеліп жатыр. Соның негізінде ғалымдар Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Бижомарт Қапалбек, социолингвист-ғалым, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аман Абасилов және ономаст-ғалым, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бердібек Бияров Орал қаласына сапарлап қайтты.

Мақсат – Қазақстанның өңірлері мен батыс шекарадан тыс жерлердегі жер-су атауларын жинап, этимологиялық талдауға түсіру және Батыс өңірдегі тілдік ахуалды зерттеу.

Іссапар барысында ғалымдар 2025 жылдың 26 қарашасында №40 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарына арналған маңызды семинар өткізді. Семинарда оқулық авторы Бижомарт Қапалбек «Жаңартылған бағдарламалардағы қазақ тілі пәнінің мақсаты және білім мазмұны» туралы баяндады. Жиынға қатысып отырған Орал қаласының мұғалімдері тақырып бойынша сұрақтар беріп, пікір айтты. Жаңартылған бағдарламаның мазмұны, оқулықтардың сапасы, тілдік құзыретті дамыту жолдары, бағалау жүйесіндегі өзгерістер және «Қазақ тілі» пәніне қатысты нақты ұсыныстар қарастырылды. Мектеп мұғалімдерінің пікірлері мен сұрақтары да назарға алынып, қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған ортақ тұжырымдар жасалды. Қазақ тілінің мектепте оқытылуы бойынша Бердібек Бияров пен Аман Абасилов та ойларын ортаға салды.

27 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Тіл саясаты және қоғамдық сана: мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтудың ғылыми негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы, оның қоғамдағы орны және тіл саясатын ғылыми тұрғыда жетілдіру жолдары жан-жақты қарастырылды. Дөңгелек үстелге Алматы, Қызылорда, Өскемен және Орал қалаларынан келген танымал ғалымдар, жер-суды зерттеушілер, журналистер, университет оқытушылары мен филология факультетінің студенттері қатысты.

Б.Қапалбек қазақ тілі пәнінің бағыт-бағдарын, оның мақсаттары мен міндеттерін жан-жақты түсіндірді. Ол тілдік құзыретті арттырумен бірге, ұлттық дүниетанымға сүйенген коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудың маңызын атап өтті.

А.Абасилов «Ойконимдердің әлеуметтік лингвистикалық проблемалары» атты баяндама жасады. Баяндамада ойконимдердің әлеуметтік-мәдени табиғатын талдап, жер-су атауларының ұлттық жадыны қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Б.Бияров «Топоним этимологиясын талдауда экстралингвистикалық факторлардың маңызы» атты баяндамасында зат пен сөз арасындағы байланысқа тоқталып, «Сөздер мен заттар» мектебінің негізгі қағидаларын және экстралингвистикалық әдістің мәнін түсіндірді. Ол топонимдерді зерттеуде тарихи, географиялық және этнографиялық деректерді кешенді қарастырудың маңызын атап өтіп, бұл тәсіл ұлттық ономастика ғылымын тереңдетуге елеулі үлес қосатынын айтты. 



Шара соңында қатысушылар мемлекеттік тіл саясатын жетілдіруге және ономастикалық зерттеулердің ғылыми базасын күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірледі.

Ал 28 қараша күні іссапарға келген ғалымдар ғалымдар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінде студенттерге дәріс оқып, аталған тақырыптар төңірегінде өз ғылыми тәжірибелерімен бөлісті. Дәріс барысында әлем тілдерінің фонетикалық жүйесі, лексикалық қоры және грамматикалық құрылымы жағынан бір-біріне теңдес құндылықтар екені, әр тілдің өз этносы үшін маңызды қазына болып саналатыны, сондай-ақ топоним этимологиясын талдауда экстралингвистикалық факторлардың маңызы мен жер-су атауларын зерттеудегі тілдік және тілден тыс факторлардың өзара байланысы түсіндірілді.

Жоспарланған барлық кездесулер мен дәрістер сәтті аяқталды. Осы іс-шаралардың нәтижесінде Орал қаласындағы ғылыми іссапар өзінің мақсатына жетіп, қатысушылар практикалық және теориялық тұрғыда білім алып, тәжірибе алмасты.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 273189 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 262165 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 248445 0










19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 147102 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 143390 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика