КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Бала күнімізден ұйықтар алдында бірнеше бет кітап оқу әдетін қалыптастырмасақ, жағдайымыз қиындайды. Заман ағымына сай көп оқушы «Абай жолы» сынды ұзақ романдарды оқуға уақыт таппайды. Ал бұл қиындықты қалай жеңуге болады? Мектептегі әдебиет пәнін қалай жақсы оқимыз?
Кітаптар тізімі. Ең алдымен, оқылуы тиіс кітаптардың тізімін жасағаныңыз жөн. Жақын уақыт аралығында оқылуы керек деген кітаптарды таңдаңыз. Әдетте әдебиет пәнінің хрестоматиясында романдардың тек үзіндісі беріледі. Сол романдардың толық нұсқасынан бастауыңызға болады. Мұнымен қатар, таңдаған әдебиетіңізге сәйкес, оларды бірнеше бөлікке бөліңіз. Мысалы, өзіңізді дамытуға арналған кітаптарды бір бағанға, сүйікті баспаңыздың кітаптарын екінші бағанға, психологиялық романдарды үшінші бағанға жазуыңызға болады. Әрине кітап оқу әдетін бұрын-соңды қалыптастырмағандықтан, мұны жүзеге асыру қиынға соғады. Алайда тырысып көріңіз.
    Өзіңізді үнемі кітап оқуға дағдыландырыңыз. Бір кітапты оқыған соң араға үш ай уақыт үзіліс салсаңыз, аталған іске қайта кірісу қиынға соғады. Сол себепті, аз-аздан болса да, кітапты күнде оқуға тырысыңыз.
    Болашағыңыз туралы ойлаңыз. Әлеуметтік желідегі қарым-қатынас, теледидардағы шоу, youtube желісіндегі қызықты видеолар біздің миымызды дамытуға мүмкіндік бермейді. Өзімізді дамытуға күніне 1 сағат уақыт арнау арқылы үлкен мүмкіндіктердің есігін ашамыз. Мұнымен қатар, кітап оқудың жүйке жүйесін тынышталдырып, күйзелісті оңай өткеруге көмектесетіні анықталған. Олай болса, неге ұйқытар алдында кітап оқымасқа?
    Үнемі өзімізбен бірге кітап алып жүрудің пайдасы бар. Оны кептелісте, дүкенде кезекте тұрған кезде, сабақ арасындағы үзілісте алып оқуымызға болады. Ең бастысы, уақытымызды босқа шығындамаймыз.
    Өзіңізді қинамаңыз. Егер роман желісі қызықтырмай, артынша жалықтырып жіберсе, бұл кітапты ары қарай оқымағаныңыз жөн. Алайда бірнеше кітапты қатар оқуға асықпаңыз. Оқыған соң өзіңізге ойлануға уақыт беріңіз. Ең бастысы, өзіңізге пайдалы деген кітапты таңдауға тырысыңыз.
    Бірігіп көтерген жүк жеңіл. Кітап оқу әдетін үйдегі әпке, бауырларыңызбен немесе достарыңызбен бірге қалыптастырып көріңіз. Оқыған кітаптарыңыз туралы пікір алмасыңыздар. Алайда кітап оқуды жарысқа айналдырудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын! Сіздің ақыл-парасат деңгейіңіз оқыған кітаптарыңыздың санына емес, қаншасын түсіне алғаныңызға байланысты.
Ал Сіз әдеби кітаптар оқу әдетін қалыптастырғансыз ба?

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз