КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес 2-3 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұғалімдер күніне орай Алматы қаласындағы орыс тілінде Жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің   оқытушылары арасында  «Қазақ тілінің үздік оқытушысы»   қалалық байқауын өткізді.

 Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілі оқытушыларының қоғамдық мәртебесі мен беделін арттыру, қазақ тілін үйрету ісінің сапасын арттыру, қазақ тілін оқыту процесінде пайдаланатын жаңа әдістерді, авторлық бағдарламаларды анықтау және насихаттау. 

Байқау әр мұғалімнің өз  жұмыс орындарында  20-25 минуттық сабақ  көрсетілімі үрдісінде  қалалық деңгейде өткізілді.  

Байқау барысында оқытушының қазақ тілі кабинетінің оқыту процесінің әдістемесіне сай жабдықталуы назарға алынды. Әр оқытушы қазылар алқасына өзінің педагогикалық ұстанымы, шығармашылық жұмысы, әдістемелік қоры жайлы, оқыту процесінде пайдаланатын оқу-әдістемелік құралдары туралы 5-10 минут көлемінде баяндады,   жарияланған еңбектері мен авторлық  бағдарламасын, оқытушылық қызметі мен кәсіби біліктілігі туралы марапаттау, мақтау және т.б. құжаттары бар болса, оларды ұсынды.

Қазылар алқасының құрамында Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры, қазақ тілінен мектеп оқулықтарының авторы,  филология ғылымдарының докторы Жолшаева Майра Сатыбалдықызы, Алматы   қалалық әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Мадалимова Карима Каримқызы, ҚазҰПУ-нің филология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, филология магистрі Саметова Жаңагүл Шыңғысханқызы болды.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Ноғаева Айнаш Закарянқызы (№87 ЖББ мектептің мұғалімі).

І орын – Прокопенко Светлана Васильевна (№20 ЖББ мектептің мұғалімі).

ІІ орын – Атаева Арайлым Арыстанбекқызы (№117 ЖББ  мектептің мұғалімі).

ІІІ орын – Мелдеханова Жарқынай Сапарғалиқызы (№186 С. Көпбаев атындағы ЖББ мектептің мұғалімі).

Байқау шарттары бойынша «Жаңашыл мұғалім» және «Әдіскер мұғалім» деген екі номинация белгіленген болатын. «Жаңашыл мұғалім» номинациясын № 28 М. Мәметова атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Болатхан Айдана Закарияқызы иеленсе, «Әдіскер мұғалім» номинациясы №14 ЖББ мектептен Сүлейменова Айнагүл Әбілмәжінқызына бұйырды. Ал, №135 ЖББ мектептің мұғалімі Саттарханов Дарын Сержанұлы мен №68 мектеп-гимназия мұғалімі Серікқазықызы Ақботаға ынталандыру сыйлықтары берілді.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 348 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 604 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45309 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42818 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика