КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Дін қызметкерлері арасындағы «Елтаным» байқауының өту                                           

                                                          барысы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және де Нұр-Мүбәрәк Мысыр ислам мәдениеті университеті мен Алматы қаласының орталық мешітінің қолдауымен 2018 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 73 орналасқан Нұр-Мүбәрәк Мысыр  ислам мәдениеті университетінде дін қызметкерлері мен имамдар арасында «Елтаным» атты байқау өтеді. 

Байқаудың мақсаты:

Қазақтың салт-дәстүрлерін, ырым-тиымдарын білетін діни қызметкерлерді қолдау. Қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектерін көпшілікке насихаттау және де жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруге ислам қағидаттары арқылы үлес қосу.

Байқаудың өткізілу тәртібі: Байқау аудандық және қалалық деңгейдегі үш кезеңнен тұрады.

Аудандық кезеңде қаланың 8 ауданының 50  мешітінен  50 имамның қатысуы қамтамасыз етілді. Қалалық байқаудың іріктеу кезеңіне 24 имамды (Алатау ауданы – 5 имам, Алмалы ауданы – 1 имам, Әуезов ауданы – 2 имам, Бостандық ауданы – 2 имам, Жетісу ауданы – 3 имам, Медеу ауданы – 5 имам, Наурызбай ауданы – 3 имам, Түркісіб ауданы – 3 имам) қазылар дайындаған тапсырмалар арқылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкілдігі іріктеді. 

   Қалалық кезең екі деңгейден тұрады. Алғашқы деңгейде Алматы қаласының әрбір ауданынан келген 24 имам ішінен төмендегі мазмұндағы үш турдан тұратын тапсырмалар арқылы 8 қатысушы іріктеліп байқаудың шешуші кезеңіне өтті.

Аты-жөні

Ауданы

Мешіт

Лауазымы

1

Ашимов Қасым Әбдімажитұлы

Медеу ауданы

Орталық мешіт

Найб Имам

2

Пернебекұлы Темірбек

Наурызбай ауданы

Қарағайлы

Найб Имам

3

Қасимов Мирас Эрланұлы

Жетісу ауданы

Сұлтан-Қорған

Азаншы

4

Мәжен Ернар Қалмаханұлы

Бостандық ауданы

«Орбита-3» мешіті

Найб Имам

5

Абишев Қуаныш Тоқсанбайұлы

Әуезов ауданы

Ақсай мешіті

Найб Имам

6

Рахимбаев Самат Қалмұханбетұлы

Түркісіб ауданы

Ар-Рахим

Найб Имам

7

Сабралиев Бақытжан Құралбайұлы

Алатау ауданы

Бекет Ата

Найб Имам

8

Кульсумаков Мейіржан Рахматуллаұлы

Алатау ауданы

Д.Қонаев мешіті

Бас Имам



                                                         Қазылар алқасы