THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Ана тілім – ән-жырым» қалалық байқауы өтті
Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс
залында ҚР Тәуелсіздік күніне орай ән салу, терме айту, көркемсөз оқу
шеберлігін игерген 18 жастан асқан азаматтар арасында «Ана тілім – ән-жырым»
атты қалалық конкурсы өтті. Конкурс ән, терме, көркемсөз жанрындағы «Сұлу сазды
әсем ән», «Толғауы терең жыр-терме», «Мағыналы ойлы көркемсөз» атты үш
номинация бойынша өткізілді. Қатысушылар Отан, туған жер, қазақ елі, ана тілі,
ұлттық рух, Тәуелсіздік, татулық пен ынтымақтастық тақырыбындағы шығармаларды
орындады.
«Сұлу сазды әсем ән» номинацияция бойынша
Бостандық ауданының қатысушысы Нысанбай Бағдат Бас жүлдеге ие болды. І орынды
Жетісу ауданынан Тәліпханова Рая Тоқайқызы, ІІ орынды Алатау
ауданының қатысушысы Қалиев Қажымұқан Бақбергенұлы, ІІІ орынды
Наурызбай ауданынан Жұмабаева Аружан Арманқызы иеленді. «Толғауы
терең жыр-терме» номинациясы бойынша Бас жүлдені Алатау ауданының қатысушысы
Ақбаева Нұршат Бақытбекқызы алды. І орын Наурызбай ауданының
қатысушысы Ексілов Рауан Әленұлына, ІІ орын Түрксіб
ауданының қатысушысы Жәмәли Айбын Әдбімұхаметұлына, ІІІ орын Әуезов
ауданынан келген Жұмағұлов Ғибрат Қорғанбекұлына бұйырды.
«Мағыналы ойлы көркемсөз» номинациясы бойынша Бас жүлдеге Медеу ауданының
қатысушысы Орқамбаева Сағыныш ие болды. І, ІІ, ІІІ орындарды Түрксіб ауданынан
Зарипов Бейбарыс Бердібекұлы, Әуезов ауданынан Тұрғанбеков Ермек Ерікұлы,
Алатау ауданынан Сағынаев Нұрлан Қайырбекұлы бөлісіп алды.
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



