КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

 

«Тіл шебері»

жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы

қалалық конкурсы өтеді

 

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында және Орталықтың 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес үш тілді жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» қалалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты: үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау.

Конкурстың міндеттері: тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, тіл мәдениетін жетілдіру.

Конкурсқа қатысушылар: Конкурс аудандық және қалалық деңгейде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Аудандық конкурсты аудан әкімдіктері ұйымдастырады. Конкурсқа қатысуға тілек білдіргендер тиісті аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне өтініш береді. Аудандық конкурстың жүлдегерлері өз ауданынының атынан қалалық Конкурсқа қатысады.

Қалалық Конкурстың жеңімпазы Алматы қаласының атынан Республикалық Конкурсқа қатысады.

Конкурстың шарттары: Конкурсқа ҚР орталық атқарушы органдарының Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің (тізім қоса беріледі) 21-30 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Конкурстың өткен жылдардағы бас жүлде және І орын жеңімпаздары қатыстырылмайды.

Конкурстың өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университетінің мәжіліс залы  

Конкурстың өтетін уақыты: 2019 жыл, 12  шілде, сағат 10:00

                                    

Конкурстың ережесі

 

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1) «Ұлттаным» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу, қазақтың ұлттық киімінде үш минуттан көп емес өнер көрсету;

2) «Өнертаным» – ағылшын тілінде өнер көрсету (ән айту немесе өлең оқу, шағын қойылым), классикалық стильде бес минуттан көп емес өнер көрсету;

3) «Елтаным» – сұрақ-жауап айдары, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру, (қойылған сұраққа бес минутқа сыйдырып орыс тілінде жауап беру).                                           Қатысушылар ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін көрсетуі тиіс.

Конкурстың қазылар алқасы құрамына белгілі тілші ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аударма ісінің кәсіби білікті мамандары енеді. Қазылар алқасы қатысушыларға берілетін тапсырмаларды әзірлейді, бағалау парақтарының үлгісін белгілейді. Қатысушылардың өнерлері мен жауаптарын тыңдайды, бағалау парақтарын толтырады қатысушылардың тапсырмаларды орындау деңгейін бағалайды. Ашық дауыс беру арқылы Конкурстың жеңімпазы мен үш жүлдегерін анықтайды. Қазылар алқасының шешімі оның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Конкурс барысы ұйымдастырушылар тарапынан бейнетаспаға және фотосуретке түсіріледі.

Байланыс телефондары: Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы – 2631527, 2632305. «Лұғат» қоғамдық қоры 2938875.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз