КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Өтетін орны: Бостандық ауданы әкімі аппаратының

мәжіліс залында (Айманов көшесі, 191)

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 15 қараша күні сағат 10.00

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы Алматы қаласы әкімдігінің  2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Орталықтың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, талантты жастар арасында «Көркемсөз оқу шеберлері»  қалалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсат-міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды табу және жан-жақты көтермелеу. Көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Конкурсқа қатысушылар: Конкурсқа көркемсөз оқу шеберлігін игерген 17-29 жас аралығындағы жастар қатысады. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ осы Конкурстың өткен жылдардағы жеңімпаздары Конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстың шарттары. Қазақтың белгілі ақын, жазушы, драматургтерінің көркемдігі жоғары шығармаларын немесе шығармадан үзінді оқу. Шығармалар Қазақстан, туған жер, Тәуелсіздік, Астана, ел бірлігі, жастық шақ, тіл туралы тақырыптарда болуы тиіс. Конкурс төмендегідей кезеңдер бойынша өткізіледі:

1.  Прозалық шығарма оқу;

2.  Поэзиялық шығарма оқу;

3. Драмалық шығарма оқу.

Конкурстың жүлдегерлері мен қатысушылары бас жүлде дипломы және 200 000 (екі жүз мың) теңгенің сертификаты;

-I дәрежелі диплом және 150 000 (жүз елу мың) теңгенің сертификаты;

-II дәрежелі диплом және 100 000 (жүз мың) теңгенің сертификаты;

-III дәрежелі диплом және 70 000 (жетпіс мың) теңгенің сертификаты.

-номинация – 2 диплом және 35 000 (отыз бес мың) теңгенің 2 сертификаты;

- ынталандыру – 2 диплом және 30 000 (отыз мың) теңгенің 2 сертификатымен және арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: Алатау ауданы - 2998649; Алмалы ауданы - 2612608; Әуезов ауданы - 3032515; Бостандық ауданы - 2755068; Жетісу ауданы - 3842775;  Медеу ауданы - 2913452; Наурызбай ауданы – 2970650; Түрксіб ауданы - 2231115; Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы – 2632305, «Лұғат» қоғамдық қоры – 2938875; 8 707 493 28 28 Назым.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 419 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 753 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46129 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 43739 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика