КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпарат

Авторы: MTDI

12/05/2020 12:13   0   10137   0

Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген «2019 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну» жоспарына сәйкес, «Лұғат» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша және  әлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізу» тақырыбы бойынша мемлекеттік грант аясында Ақтөбе облысының  үкіметтік емес ұйымдар арасында  мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған оқыту курсын ұйымдастырады.

Шараның мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту, ҮЕҰ қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру.

Шара елдің 6 өңірінде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында өткізіледі. Онда мынандай мәселелер қамтылады: ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату.

Білікті мамандар сабақ беретін болады. Олар: КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы, филология ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының кандидаты, тренер Дүсіпбаева Қарлығаш Советханқызы, «Лұғат» қоғамдық қорының басшысы Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы.

Курсқа Қазақстанның 6 өңірінен 300 дей адамды қамту көзделіп отыр. Курс аяқталғаннан кейін сертификат тапсырылады.  #qogamgov, #cisc2020

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 468 0







01/02/2024 16:08

ЛАТЫН ЖАЙЫ
0 619 0















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 44840 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42333 3


ТЕКСТ